Біз туралы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы 1934 жылы университетпен бір уақытта құрылды. 2012 жылы кітапхана шығыс стилінің элементтерімен үйлесімді жаңа технологиялармен және коммуникациялық шешімдермен жабдықталған жалпы ауданы 17 856,6 м2 заманауи жаңа ғимаратқа көшті. Алматы қаласының ең көрікті аудандарының бірінде орналасқан және «ҚазҰУ қалашығы» деген атпен танымал университет қалашығында салынған кітапхана 2014 жылы әл-Фараби кітапханасы болып өзгертілді.
Әл-Фараби атындағы кітапхана елдегі ең ірі және жетекші жоғары оқу орындарының кітапханасы ретінде өзіндік міндеті, құндылықтары мен көзқарасына ие.

Әл-Фараби кітапханасының миссиясы:

  • Кітапхананың ғылыми қорын сақтау, басқару және қамтамасыз ету;
  • Пайдаланушыларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;
  • Тәжірибені байыту және мүмкіндіктерді кеңейту.

Әл-Фараби кітапханасының құндылықтары:

  • Жақсы болуға ұмтылу;
  • Сапа;
  • Ашықтық;
  • Университетіміздің жетістігі үшін жауапкершілік.

Кітапхананың көрінісі:
Университет өмірімен тығыз байланыста болатын шығармашылық, инновациялық кітапхана – оқуға, оқытуға, зерттеуге біріктірілген интеграцияланған; бүкіл әлем бойынша білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету және Университеттің зияткерлік активтерін танымал ету.

Бүгінгі әл-Фараби атындағы кітапхана – бұл:

  • Университеттің 16 факультетінде оқитын 25 мың студенттер мен магистранттарға, докторанттарға және 3000 оқытушылары мен қызметкерлеріне оқу, ғылыми-зерттеу үдерістеріне ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсететін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылымдық бөлімшесі.
  • Қоры 3 миллионға жуық елдегі ең ірі университеттік кітапхана.
  • EBSCO, Springer, Elsevier мәліметтер базаларында, сондай-ақ Polpred толық мәтінді базасында, IPRbooks электронды кітапханалар жүйесінде, «Zaң – Zakon», «Эпиграф» отандық дерекқорларына жазылуға және әлемдегі ең ірі баспагерлердің электронды кітаптарына (EBooks) шектеусіз қол жеткізуге. (http://elibrary.kaznu.kz/ru).
  • Ауданы 1850 м2 800 орындық классикалық оқу залы.
  • «Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін, университеттің барлық оқырмандарына факультетіне қарамастан бір жерден қызмет көрсететуге арналған абонементтер.
  • Шартты түрде аймақтарға (мультимедиалық аймаққа, Интернетпен, графикалық бағдарламалармен, электронды ресурстармен, жеке ноутбуктармен жұмыс істеу аймақтарына) бөлінген, 270 адамға арналған электрондық кітапхана.
  • Үнемі жаңа ғылыми жұмыстармен толықтырылатын және қазіргі уақытта 8100 дана диссертацияларды, 12425 дана авторефераттарды құрайтын диссертациялық қор.
  • Ағымдағы жылға арналған отандық және шетелдік мерзімді басылымдарға (газеттің 56 және журналдың 299 атауына) қол жеткізуге болатын мерзімді басылымдар залы. (http://elibrary.kaznu.kz/ru/node/81).
  • XVI-XIX ғасырлық сирек кітаптар мен қолжазбалар сақталған сирек кездесетін және құнды басылымдар залы. 2017 жылы алғаш рет 19000 дана құнды және сирек кездесетін кітаптар қорының электрондық картотекасы жасалды.
  • 2017 жылы ашылған Тұңғыш Президент залы. Бұл зал Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігінің қалыптасу және нығаю тарихы бойынша ақпарат ауқымын жасау, үнемі толықтыру және сақтау міндеттері жүктелетін мәдени-ағартушылық орталық болып саналады.
  • Өкілдері университетте оқитын немесе ҚазҰУ-мен ынтымақтастық орнатқан әлемнің әртүрлі елдерінің тарихы және әдебиетімен таныстыратын әлем елдерінің кітап бұрышы.
  • Ғалымдар клубы – түрлі кездесулер, семинарлар, университет ғалымдарының кітаптарының тұсаукесерлерін өткізуге арналған зал.
  • Шығыстың ұлы ойшылының ғылыми мұрасын зерттеумен айналысатын әл-Фараби орталығы.
  • Х ғасырдың екінші жартысындағы ең ірі философ, энциклопедист ғалым Әбу Наср әл-Фарабидің өмірі мен қызметіне арналған әл-Фараби мұражайы, оның аты 1991 жылдан бері университетімізде абыроймен аталады.
  • Ауданы 1800 м2+–ден астам жеке көрме алаңы.
  • Заманауи қондырғылармен жабдықталған 300, 80, 60 және 50 орындық 4 бірегей конференц-зал.
  • Оқырмандардың демалысына арналған коммуникациялық-релаксациялық аймақтар.
  • 75 орындық кафе.
  • 2020 жылы 10 тамызда ұлы ойшыл А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ашылған Абай залы.


Кітапхана құрылымына 3 басқарма кіреді (http://elibrary.kaznu.kz/ru/node/70).
Әл-Фараби кітапханасы жаңа технологияларды белсенді меңгеруде. Кітапханаға RFID технологиясына негізделген автоматтандыру жүйесі енгізілді, нәтижесінде «IRBIS 64» автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесін (АБИС) интеграциялау және университет қызметкерлері мен студенттердің университеттің бірыңғай сәйкестендіру карталарын (ID-карта) кітапхана карталары ретінде пайдалану мәселелері іске асырылды. Дәстүрлі оқырман формуляры барлық қызмет көрсету бөлімдері үшін бірыңғай электронды оқырман формулярына ауыстырылды. Онда өзекті мәселелер туралы, соның ішінде құжаттарды қайтару мерзімдері мен олардың сақталуын бақылау туралы барлық ақпарат көрсетіледі. Осылайша, оқырмандардың бірыңғай базасы әр оқырман залында, абонементтерде тіркеу карталарын жүргізу қажеттілігін жойды, сонымен бірге бірыңғай электронды формуляр барлық қызмет көрсету пункттеріндегі қайтару уақытын бақылауға және әдебиеттерді қайтару кідірісіне байланысты келеңсіз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге оқу залында RFID технологиялары негізінде жұмыс жасайтын және оқырмандарға таңдалған әдебиеттерді дербес тіркеуге және оны 3 күнге дейін шығаруға мүмкіндік беретін өзіндік қызмет көрсету бекеттері орнатылды. Сонымен қатар, көшірме құрылғылары мен «ELARSKAN A2-300» планетарлық сканер орнатылған, оның көмегімен кітапхана пайдаланушылары таңдалған әдебиеттің қажетті беттерін ақысыз сканерлеп, өздерінің электронды поштасына немесе USB флэш-дискісіне жібере алады.
PlayMarket-те қол жетімді Android-ке арналған «әл-Фараби кітапханасы» мобильді қосымшасы әзірленіп, іске қосылды.
Әл-Фараби атындағы кітапхана университеттің ақпараттық, білім беру және мәдени орталығы бола отырып, сапалы білім алуға және жоғары білікті мамандар даярлауға барлық жағынан ықпал етеді; университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкес келетін кітап қорын және заманауи электрондық ресурстарды ұсынады; факультеттермен және кафедралармен өзара әрекеттесудің үздіксіз процесінде жүреді: пайдаланушылардың қажеттіліктерін зерттейді, ақпараттық қызмет көрсетеді, үнемі жаңа түскен кітаптар көрмелерін өткізеді, сонымен қатар қаланың және республиканың басқа университеттерімен ынтымақтастықты дамытады.
Университеттің күнделікті оқу-тәрбие және ғылыми процесінде кітапхана өз пайдаланушылары үшін оңтайлы жағдай жасауға тырысады. Кітапхананың барлық қызметі оқырманды жайлы сезінуге, қажетті ақпаратты алуға, қызметкерлердің дұрыс көңіл бөлуіне және әр келген сайын моральдық қанағаттандыруға бағытталған.

Яндекс.Метрика