Кәсіби ресурстар

АтауыСипаттамаСілтеме
LibGuides ҚоғамдастықLibGuides Қауымдастығы LibGuides контентін, кітапхана авторларын іздеуге арналған. Мұнда сіздер біздің бүкіләлемдік пайдаланушылар қауымдастығының керемет нұсқаулық үлгілерін таба аласыздар. Сайтта 595 986 оқулық, 166 146 кітапханашы, 4771 ұйым, 56 ел көрсетілген. Сонымен қатар, сіздер келесі іздеу бөлімдерін таңдай аласыздар: Нұсқаулықтарды табу (Find guides). Ұйымдарды табу (Find institutions). Кітапханашыларды табу (Find librarians), Springshare қоғамдастығының пікірі бойынша бойынша  кітапханалар мен нұсқаулықтардың (Springy picks) ең үздік сайттарын табу.Сайт кітапханаларға, кітапханашыларға және баспагерлерге өз салаларында жұмыс істеуге және LibGuides қауымдастығында тәжірибе алмасуға пайдалы.community.libguides.com




Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы

Ұлттық кітапхана – бұл Қазақстан кітапханаларының ең ірі ғылыми-әдістемелік орталығы; Қазақстанның баспа туындыларының міндетті экземплярының депозитарийі; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қазақстанда  білімнің барлық салалары бойынша қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың депозитарийі; ТМД елдері авторефераттарының депозитарийі; 1993 жылдан – ЮНЕСКО-ның ғылыми  басылымдары мен диссертацияларының депозитарийі, 2005 жылдан бастап – «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылған әдебиеттер депозитарийі; 2012 жылдан бастап – Қазақстан халқы Ассамблеясы басылымдарының депозитарийі.

nlrk.kz



«Кітапхана әлемі»
Кәсіптік мерзімді басылымдар
Бұл бетте Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханасының ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-библиографиялық бөлімдерінің қорларындағы кәсіптік оқуға арналған мерзімді басылымдар тізімімен танысуға болады.. Мұнда олардың қысқаша сипаттамасын және, егер бар болса, тиісті баспагерлердің айттарына сілтемелерді таба аласыздар.
allib.org

 

Ресей мемлекеттік кітапханасының қосымша қызметтер басқармасының порталы


Кітапханааралық абонемент (КАА) – бұл тұрғылықты жеріне, әлеуметтік және кәсіптік деңгейіне қарамастан барлық пайдаланушылар үшін кітапханалардың ақпараттық ресурстарын пайдалануда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қызмет көрсету жүйесі.
КАА – бұл пайдаланушы уақытша немесе тұрақты пайдалануға сұратқан құжаттарды ұсыну арқылы әр түрлі кітапханалар мен ақпараттық органдардың қорларын өзара пайдалануға негізделген қашықтағы пайдаланушыларға көрсетілетін кітапханалық-ақпараттық қызмет түрлерінің кешені.
udo.rsl.ru
ТМД елдеріне арналған КАА мен Құжат жеткізу орталықтарының анықтамалығын  осы жерден көруге болады
 




«Библиосфера» журналы


Кітапханатану, библиографиятану, кітаптану және информатика бойынша ғылыми журналдың сайты. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Библиосфера» журналы «Тарих ғылымдары және археология» мамандығы бойынша Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестаттау комиссиясы ұсынған рецензияланатын жетекші ғылыми журналдар мен басылымдар тізіміне енді.
spsl.nsc.ru
«Кітапхана ісі»Кітапхана ісінің заманауи үрдістерін бейнелейтін ғылыми-кәсіптік журнал. Сайтта журналдың 2003 жылдан 2005 жылға дейінгі толықмәтінді мұрағаты бар.bibliograf.ru
«Ресей мемлекеттік кітапханасы»«Ресей мемлекеттік кітапханасы» Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің ғылыми-тәжірибелік журналы. Бұл ИФЛА-ның және онымен тығыз ынтымақтастықта болатын басқа да халықаралық ұйымдардың, ең алдымен ЮНЕСКО-ның жұмысын бақылайтын Ресейдің ақпараттық өрісіндегі осындай жалғыз басылым.


rsl.ru
«Заманауи кітапхана»Журнал Ресейдегі және әлемдегі кітапханалық-ақпараттық мекемелердің даму аясын сипаттайды.modern-lib.ru
«Университеттік кітап»Журнал ЖОО кітапханалары мен көпшілік кітапханаларына, баспалар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының баспа-редакциялық бөлімдеріне, тәуелсіз баспалар мен кітап саудасымен айналысатын кәсіпорындарға және оқу әдебиеті нарығының барлық қатысушыларына арналған.unkniga.ru
«Америкалық кітапханалар»Америкалық кітапханалық қауымдастықтың журналыamericanlibrariesmagazine.org
«Академиялық кітапхана ісі журналы»Ғылыми-техникалық мерзімді баспасөздің әлемдік жетекші шығарушысы Elsevier халықаралық баспа тобының ғылыми журналыjournals.elsevier.com
«Кітапханалық іс пен информатика журналы»Кітапхана саласының мамандарына арналған британдық ғылыми журналjournals.sagepub.com
Library ideas1876 жылдан АҚШ-та басылып шығатын кітапхана саласының мамандарына арналған жетекші салалық журналlibraryideas.com
PL Online «Көпшілік кітапханалар онлайн»PL Online көпшілік кітапханалар мен көпшілік кітапханалық іс үшін маңызды мәселелер мен тақырыптарға назар аударады; сонымен қатар бірегей мазмұнға ие және әлеуметтік желілерде бөлісу мен түсініктемелер беру арқылы интерактивті өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді.publiclibrariesonline.org
Яндекс.Метрика