Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Пенза мемлекеттік университетімен және Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық универcитетімен бірлесе отырып, Сізді Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Цифрлық трансформация жағдайындағы медиа және PR» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Өткізілетін уақыты: 2021 жылғы 10 қараша. Басталуы 14:00
Өткізілу түрі: онлайн. Zoom платформасы.
Секциялар мен Дөңгелек үстелдердің тақырыптары:
1. Жаһандық коммуникация кеңістігі және әлеуметтік үдерістерді модельдеу;
2. Пандемия кезіндегі медиа және коммуникация: цифрландырудың мүмкіндіктері мен тәуекелдері.
3. Жаһанданған ақпараттық қоғамдағы қоғаммен байланыс.
4. Халықаралық журналистика дамуының қазіргі тенденцияларының медиа және білім беру аспектілері.
5. Ғалым-ұстаз Ш.С. Нұржанованың мерейтойына арналған «Қашықтан оқытудың қазіргі заманғы технологиялары және педагогтық шеберлік» Дөңгелек үстелі.
Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына Қазақстанның, Ресей мен Қырғызстанның, алыс және жақын шетелдердің ғылыми қауымдастығының, мемлекеттік органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Конференцияға Қазақстанның, Ресей мен Қырғызстанның ғылыми қызметкерлері, министрліктерінің, ведомстволарының, кәсіпорындарының, экономиканың барлық салалары ұйымдарының өкілдері, оқытушылар, магистранттар, студенттер шақырылады.
Жариялауға түпнұсқа ғылыми зерттеулері бар материалдар (бұрын жарияланбаған және басқа басылымдарға ұсынылмаған зерттеу нәтижелері мен қорытындылары) қабылданады. Зерттеу халықаралық ғылыми қауымдастықтың қызығушылығын туғызуы керек.
Материалдарды дайындау кезінде төменде көрсетілген талаптарды басшылыққа алу қажет. Талапқа сай орындалмаған материалдар жариялауға қабылданбайды.
Мақалаларға қойылатын талаптар:
1. Баяндама (мақала) мәтіні MS Word бағдарламасында дайындалып, көлемі 5-7 беттен аспауы тиіс. Кестелер, сызбалар, суреттер тақырыппен белгіленіп, Windows бағдарламасында берілуі керек.
2. Беттің өлшемдері: барлық жиектері 2 см.
3. Қаріп мөлшері: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.
4. Жоларалық интервал — 1. Абзац: 1,25 см.
5. Сілтеме қолданған жағдайда дереккөзді көрсету шарт. Әдебиеттер тізімі мәтін соңында беріледі. Мәтіндегі әдебиеттерге жасалған сілтемені ескертулер ретімен нөмірлеріне сәйкес «шаршы» жақшаларға алу қажет. Мысалы: [1, 156].
Мақаланың (баяндаманың) электронды нұсқасын мына e-mail-ге жіберу керек: ainurkakusain@gmail.com
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына және ресімделуге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін баяндамаларды қабылдамау құқығын өзінде қалдырады. Жоғары ғылыми қызығушылық тудыратын хабарларға басымдық беріледі.
Конференцияға қатысу үшін өтінімдер төмендегідей үлгіде қабылданады:
ТІРКЕЛУ ҮЛГІСІ
- Тегі, есімі, әкесінің есімі (толық)____________________________
- Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы______________________________
- Мекеме, қызметі______________________________________
- Мекен жайы____________________________________________________
- Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)___________
- E-mail_____________________________________________________
7. Мақала тақырыбы______________________________________________
Конференцияға баяндама дайындау
Тыңдаушы ретінде қатысу
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы, тел.: 8-701-993-90 07.
Кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Губашева Дариға Тыныштыққызы — 8 778 511 1045.
Кафедра доценті Бекболатұлы Жетпісбай – 87014444732.
Конференцияға қатысу үшін 2021 жылдың 5 қарашасына дейін конференцияны ұйымдастыру комитетіне келесі ақпараттарды ұсыну қажет:
- конференцияға қатысуға өтінім
- мақалалардың тезистері (электронды түрде)
Толтырылған өтініш формасы мен мақала мәтінін мына электрондық поштаға жіберуге болады:
Ақпараттық қолдау
«Хабар» ТРК
«Қазақстан» ТРК
«Егемен Қазақстан» газеті
«Казахстанская правда» газеті және т.б.