ҚазҰУ-да Қанат Саудабаевтың көшбасшылық дәрісі өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «30 жылдыққа – 30 апталық» бағдарламасы аясында көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат Қанат Саудабаев «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және сыртқы саясаттағы жетістіктер» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.

Осыған байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Көрме келесі бөлімдерден тұрады:

  • Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
  • Қ. Саудабаев – саясат сардары
  • Дипломатия мектебін қалыптастырған тұлға
  • Қ. Саудабаев еңбектері
  • Ғылым және саясат
  • Фотогалерея

Көрмеге қысқаша шолу.

1.бөлім: Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бастап еліміздің тізгінін өз қолына алған Елбасымыз Н. Назарбаев сыртқы саясатта нық қадамдар жасады. Қазақстан әлем елдерімен дипломатиялық байланыстар орнатып, басқа елдермен терезесі тең саясат жүргізді. Бұл бөлімге ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың сыртқы саясат туралы еңбектері қойылған:

«Он делает историю»

«Дипломатия Республики Казахстан»

«Дипломатическая служба Республики Казахстан»

«Беласу»

«Преодоление. Очерки дипломата» «Нұр мен көлеңке»

2.бөлім: Қанат Саудабаев – саясат сардары.

3.бөлім: Дипломатия мектебін қалыптастырған тұлға

Бұл бөлімдерде Қ. Саудабаев туралы материалдар «Казахстан. Национальная энциклопедия», «Кто есть кто» анықтамалығы, университетіміздің ректоры Ж. Түймебаевтың мақалалары «Саясат сардары» 2016 жыл 19 шілде «Айқын» газетінде, «Асқақ мұраты орындалған қайраткер» 2021 жыл 16 шілдедегі «Егемен Қазақстан» газетінде және «Дипломатия мектебін қалыптастырған» мақаласы «Қазақ университеті» газетінде 2021 жылдың 17 шілдесінде жарияланған.

4.бөлім: Қанат Саудабаевтың еңбектері.

Көрменің бұл бөлімінде Қ. Б. Саудабаевтың мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларымен таныса аламыз. Оның ішінде Елбасы туралы «Жасампаз көшбасшы» мақаласы 2021 жыл 1 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды және «Елбасы» мақаласы «Ақиқат» журналында 2008 жылдың № 8 таныса аламыз.

5.бөлім: Ғылым және саясат

Көрменің бесінші бөлімі «Ғылым және саясат» деп аталады. Бұл бөлім бізді халықаралық қатынастар саласындағы еңбектермен таныстырады. Оның ішінде:
Әліпбаев А. Р. «Дипломатия тарихы» кітабы.
Арыстанбекова А. «Глобализация», «Казахстан в ООН. История и перспективы» кітаптары қойылған.

6.бөлім: Фотогалерея

Көрме осы материалдармен қатар Қанат Бекмырзаұлының фотосуреттері қойылған фотогалерея ұсынады:

Венадағы ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің бірінші отырысында сөз сөйлеуі.

Беларусь Президенті Александр Лукашенко ЕҚЫҰ төрағасымен бірге.

Қанат Саудабаев пен Хиллари Клинтон стратегиялық серіктестікті нығайту ниетін растайды.

Қанат Саудабаев Әзірбайжанның саяси партияларының өкілдерімен кездесу өткізді.

Яндекс.Метрика