Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл

Әл-Фараби кітапханасында «Жамбыл Жабаев-Отанға деген махаббатпен поэзия» атты мәдени – тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, Жамбыл Жабаевқа арналған Виртуалды көрме ұйымдастырылды.

Өтетін орны: Абай залы (308), әл-Фараби кітапханасы.

Уақыты: 26 қазан 2021 жыл сағат 16:30 де

Семинар аралас форматта, дәстүрлі форматта Абай залында (308) және ниет білдірушілерді Zoom платформасындағы сілтеме бойынша қосу арқылы өтті.

Семинарға қатысуға кітапханашылар, студенттер, ақындар мен қоғам қайраткерлері шақырылды.

Іс-шара аясында Ерекеш Айдынгүл Жақсылық Самитұлының «Туған жер» әнін орындады, сонымен қатар Шерхан Мұхаммед-Қанапия Жамбыл Жабаевқа арнап жазған өлеңін оқыды. Сондай-ақ, іс-шара аясында ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің 4-курс студенті онлайн форматта қатысты. Алтынбеков Қанат Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы және поэзияның рухани жаңғыруға, рух күшіне, халық бірлігіне әсері туралы сөз сөйледі.

Толығырақ осы жерден оқи аласыздар

Яндекс.Метрика