Әлихан Бөкейханұлының 155 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейханұлы – XX ғасыр басындағы ұлт көсемі» атты дөңгелек үстел өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы Әлихан Бөкейханұлының 155 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейханұлы – XX ғасыр басындағы ұлт көсемі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Күні: 25 қазан 2021 жыл

Уақыты: сағ 11:00 де

Соған байланысты әл-Фараби кітапханасы 4-ші қабат №409 конференц залында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: Зиялы ұлт азаматтарының өмір жолдары, еңбектері жайлы ақпараттарды ұсыну арқылы 1927-1953 жж. ақтаңдақтар ақиқатын, тарихи шындықты оқырман қауымға тереңірек таныстыру. Әлихан Бөкейханұлының тарихи рөлі, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қызметі мен Алаш Орда тарихына қосқан үлесін көрсету. Өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым ету.

Дөңгелек үстел жұмысы пәнаралық синтез негізінде Алаш Ордадағы саяси қарым-қатынастар мен ондағы жекелеген тұлғалардың қызметін қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихына қосқан үлесі аспектісінде қарастыруға арналды. Сонымен қатар Еуразия құрлығындағы саяси, мәдени және әлеуметтік тарихты зерттеуге байланысты жүргізілген археологиялық ізденістердің негізінде жасалған тың тұжырымдар мен ғылыми жаңалықтар сарапталды.

Көрменің оқырмандық бағыты: Кітапхана пайдаланушылары – ЖОО-ның студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар, кітапхана қызметкерлері, көпшілік қауым.

Көрме бөлімдері:

  • Алаш айтқан асыл сөз;
  • Алаш аманаты;
  • Алаш туы астында;

Көрме құжаттары:

  • дәстүрлі кітаптар;
  • мерзімді басылымдар;
  • Әлихан Бөкейханұлы шығармаларына арналған виртуалды көрме;
  • электронды презентация;
  • фотоматериалдар;
  • деректі фильмдер мультимедиялық флипчарт арқылы ұсынылды.

Көрмеге қысқаша шолу

  • Көрме бөлімдері «Алаш айтқан асыл сөз», «Алаш аманаты», «Алаш туы астында» деп аталып, бірінші бөлімде «Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаспын» деп жазылғанӘ. Бөкейханұлының сөзінен басталып, XX ғасыр басындағы ұлт көсемі Әлихан Бөкейханұлының 9 томдық жинағы, фотосуреті және қанатты сөздері орналастырылды.  
  • Екінші бөлімге Ә. Бөкейханұлы туралы кітаптар, энциклопедиялар, конференция материалдары, журнал беттерінде жарық көрген ол туралы мақалалар қойылды. Атап айтсақ, Сұлтан Хан Аққұлының «Әлихан Бөкейхан. Аманат : өмірбаян», «Әлихан Бөкейхан. Қазақ жерінің жоқшысы : өмірбаян»,т.б.
  • «Алаштың» басты мақсаты – қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің жедел жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді… Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті… Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады. «Біз бай, білімді, әрі күшті болуымыз керек. Бай болу үшін – кәсіп, білімді болу үшін – оқу керек. Ал күшті болу үшін – бірлік керек.» – деген Әлихан Бөкейханұлы.

Көрменің нәтижелігі: Өткен тарихымызды санамызға сіңіріп, болашақ ұрпаққа Алаштың асыл аманаты тарихи-мәдени бірегейлігімізді, тілімізді, қазақы қасиетімізді сақтауға, тәуелсіздігімізді дәріптеуге үлес қосу.

Яндекс.Метрика