«Жастардың медиа және ақпараттық сауаттылығы қоғамның игілігі үшін» атты форум

Семинар бағдарламасы. Семинар бағдарламасының толық нұсқасымен ұсынылған сілтеме бойынша танысуға болады: http://elibrary.kaznu.kz/wp-content/uploads/2021/10/programma_mig_yunesko_2021.pdf.

Тіркеу. Форумға сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfwRqBRJUjMoo9vDjYqsa7ulgN-NS7oBM0a8drIZ4aaUfCNTA/viewform.

Биыл ЮНЕСКО Медиа және ақпараттық сауаттылық жаһандық апталығын «2021 жыл жастар күн тәртібінде» тақырыбында атап өтуде. Осыған орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспасөз және электрондық БАҚ кафедрасы ұйымдастыруымен «Жастардың медиа және ақпараттық сауаттылығы қоғам игілігі үшін» семинарын өткізеді.

Күні мен уақыты: 2021 жылғы 28-29 қазан сағат 11:00

Орны: әл-Фараби   ғылыми кітапханасы,  № 409 зал

Алматы, әл-Фараби даңғылы, 71 

Серіктестер: Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы, ҚР БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры, Әл-Фараби ғылыми кітапханасы.

Шара барысында Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының студенттері дайындаған «Журналистика, «жалған жаңалықтар» және жалған мәліметтер» атты аудиокітап таныстырылады.

Семинар мақсаты – медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша бағдарламаларға, бастамалар мен іс-шараларға жастардың қатысуын атап көрсету, сондай-ақ жастарды медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша білім мен ресурстарын әзірлеуге және таратуға үндеу.
Семинар аралас офлайн / онлайн форматта өтееді. Медиа және коммуникация саласының кәсіби спикерлері қатысады.

Ақпарат: ЮНЕСКО дүниежүзілік ұйымы жыл сайын «Медиа және ақпараттық сауаттылықтың жаһандық апталығын өткізеді. 2021 жыл Жастар күн тәртібінде тақырыбы аясында апталықты атап өту ұсынылды. ЮНЕСКО жастарға ақпарат пен медиаконтентке қолжетімділік пен оны тексеру және технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін ұсынады. Жастар өз құқықтары мен мүмкіндіктерін жетілдіре отырып, медиа және ақпараттық сауаттылықты дамыту мен кеңінен таратуда көшбасшы бола алады. Жастар медиа және ақпараттық сауатты болашаққа үлес қоса алады.

Байланыс: Баспа және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі,
с.ғ.д. проф. Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева +77073777049, gulmira.sultanbayeva@kaznu.edu.kz

Яндекс.Метрика