Әл-Фараби кітапханасында Рухани келісім күніне арналған Форум өтті

ҚазҰУ-дың Әл-Фараби атындағы ғылыми кітапханасында Рухани келісім күні аясында «Рухани келісім конфессияаралық диалог пен әлем мәдениетінің факторы ретінде» тақырыбында Алматы қаласының  әкімшілігінің қолдауымен ғылыми-практикалық форум өтті.

Алғащқы рет 1992 жылы 18 қазанда  Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыда түрлі дін өкілдерінің басын қосып, нәтижесінде  осы күн Рухани келісім күні болып белгіленді. Ел тәуелсіздік алғалы рухани келісім күні биыл 29-шы рет аталып отыр. Әл-Фараби кітапаханасында діни өкілдері бас қосқан форумда қазіргідей алмағайып заманда бейбіт келісімді сақтау мәселесі өзекті тақырып болды. Аталған іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: Форум қатысушыларын кітапхана қорындағы діндер тарихы, конфессияаралық келісім, Қазақстандағы дәстүрлі діндер туралы кітаптармен, мерзімді басылымдармен, ғылыми жұмыстармен және мультимедиялық ресурстармен таныстыру.

Кітапхана пайданаланушыларының бойында толеранттылық пен өзарасыйластық мәдениетін дамытуға; әртүрлі мәдениет пен дін өкілдері арасында рухани келісімді қалыптастыруға ықпал ету.

Көрме 3 бөлімнен тұрады:

1-бөлім. Толеранттылық – Қазақстан саясатының негізі

Бірінші бөлімде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезі (23-24 қыркүйек 2003 жыл), II Съезі (12-13 қыркүйек 2006 жыл), III Съезі (1-2 шілде 2009 жыл), IV Съезі (30-31 мамыр 2012 жыл) туралы жинақтар ұсынылды. Бұл Съездер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен өткізілген болатын. Осыған орай «Н. Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің негізін қалаушы», «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы – тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар» атты және т.б. кітаптар ұсынылып отыр.

2-бөлім. Қазақстан: бірлік және келісім мекені.

Бұл бөлімге «Қазақстандағы этникалық топтардың бірге өмір сүруі», «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел тарихында» атты кітаптар қойылды. Біздің тәуелсіздігіміздің тарихы – бұл барлық этностар достығының жылнамасы. Қоғамдағы бейбітшіліктің, келісім мен тұрақтылықтың сақталуы Қазақстанның ең басты жетістіктерінің бірі. Бүгінде біздің ортақ үйімізде , Қазақстан Республикасында 130-дан астам этностың өкілдері мен 17 конфессия тату-тәтті тұрып жатыр.

3-бөлім. Діндераралық үнқатысу – бейбітшілік кепілі.

Әлемнің жаратылысының негізі – сүйіспеншілік, рақымдылық пен шапа­ғат. Ұлы Жаратушы рақымдылық етіп бұл ғаламды жаратқанда, барлық жаратылыс­тың ішіне сүйіспеншілік пен мейірім-шапағаттың ұрығын сепкен. Сондықтан ғаламзаттың да, жер бетіндегі жанды-жансыздың да арасында сиқырлы әуен­дей бір-бірлерінің арасында ғажайып бір үндестік, татулық, өзара тығыз қатынас бар. Табиғат заңды­лықтары осы татулық­тың арқасында тепе-теңдігін сақтап тұр.  Ең бастысы – адамзат жарал­ғалы дінсіз ғұмыр кешкен емес. Тарих сах­на­сындағы болған барлық саясаттың да, мәдениеттің де астарында сол дін, сенім жатыр. Демек, әлемдегі татулықтың ең басты белгісі – дінаралық үнқатысу. Екіншісі – ұлтаралық үнқатысу мен жара­сымдылық. Ақырғысы – еларалық үнқатысу мен ымырашылдық.
Қандай қоғам болса да ол бес негіз арқылы өзін сақтай алады. Ол – діннің, жанның, нәсілдің, мал-мүліктің және ақыл­дың сақталуы. Ал осы бес негіздің ең бастысы – діннің сақталуы. Дін­аралық келісім, үндестік және татулық өзін сақ­тауымен қатар, қалған төрт негіздің де сақталуына арқау болады. Бұл бөлімге Құран кітабы, дінге қатысты «Дін және ұлт», «Дін және қоғам», «Ислам және Заман», сондай-ақ Қазақстандағы Ислам және түрлі діндер туралы кітаптар қойылды.

Сондай-ақ, біздің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі өзекті жаңалықтар мен іс-шараларға назар аударуды ұсынамыз, онда сіз одан әрі кеңес ала аласыз.

Егер сіз кері байланыс нысаны арқылы пікір қалдырсаңыз, біз де қуанамыз (ауысу үшін басыңыз).

Яндекс.Метрика