Роллан Сейсенбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі

Әл-Фараби кітапханасы» Роллан Сейсенбаев — жазушы, публицист, баспагер»атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Роллан Шакенович Сейсенбаев- 1946 жылы 11 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.

Қазақтың ұлы ақыны, философы, композиторы Абайдың туғанына 150 жыл толуына орай ЮНЕСКО 1995 жылды Абай жылы деп жариялаған болатын. Еліміздің мәдени өміріндегі айтулы оқиға қарсаңында жазушы Роллан Сейсенбаев Лондонда Қазақстанның мәдени орталығы — Абай үйін ашып Британдықтардың жерінде, Лондонның орталығында тұңғыш рет Абай үйінің үстінде Қазақстанның Мемлекеттік туын желбіретті.

2000 жылы ашылған «Халықаралық Абай клубы»ның қалаушысыда болды. Қазіргі таңда «R.S.» (Роллан Сейсенбаев) баспа үйінде Абай клубының кітаптарын, «Аманат» журналын және оның кітапханасын басып шығарады және сатады.
Жазушы жоғарыда атап өткен Абай үйінің (1995), Халықаралық Абай клубының (2000) және халықаралық «Аманат» әдеби журналының негізін қалаушы.

Сейсенбаев Роллан Шакенұлының 75 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған кітап-көрмесі 4 бөлімнен тұрады.

1-бөлім. Роллан Сейсенбаев — жазушы, драматург, баспагер.

Ол ұзақ уақыт сұхбат бермей, әлемдік заманауи әдеби процесс туралы шолу мақалаларын жазбаған, бірақ ол үнсіз болашақ қазақтарға таза әрі дана өсиет «Аманат» басып шығаруда. 1-бөлімде қазіргі Қазақстанның ең көрнекті әдебиетшілерінің бірі Роллан Сейсенбаевтың шығармашылығын зерттеудегі әдебиеттер орналастырылған. Сонымен қатар «Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр» және әл-Фараби университетінің «Хабаршы» журналындағы Роллан Сейсенбаев туралы жазылған мақалалар орналастырылды.

2-бөлім. Мәдениет пен руханиятқа қызмет еткен классик.

 «Аңсау» – Роллан Сейсенбаевтың тұңғыш жинағы. Бұл аңыздың ізімен жазылған «Намыс» атты повесі мен он шақты әңгімесі енген. Әңгімелері негізінен екі топқа бөлінеді. Алғашқысына соғыс жылдардағы тылдың ауыртпалығын көрсетсе, келесісіне бүгінгі замандастар бейнесі жасалған әңгімелері жинақталған. «Аңсау» жинағынан бастау алаған Роллан Сейсенбаевтың әңгімелер, повестер жинақтары 2-бөлімде орналастырылды

3-бөлім. «Менің 100 кітабым» сериясы.

«Менің 100 кітабым» сериясы Н. Ә. Назарбаевтың жылы лебізін алып, жарық көрген. Елбасының сөздері жинақтың алғашқы бетінен орын алып, оқырманды зор ықыласпен оқуға жетелейді.

Жазушы Роллан Сейсенбаевтың «Менің 100 кітабым» атты сериямен кітаптар басып шығаруына шетелде оқитын қазақ жастары себепкер болған. Бір кездесуде қазақ жастары қаламгерге қазақтың тарихын, әдебиетін, философиясын ықшамдалған, заманауи үлгіде оқығылары келетінін айтқан. Осы әңгімеден кейін аталмыш сериямен кітап шығаруды қолға алған. Бұл Абай клубы мен Роллан Сейсенбаевтың баспа үйінде басылып шығарылады. Жинақтар әлем әдебиетінің жауһарларынан сұрыпталған жаңа кітапхана сериясы болып табылады. Кітапханаға енген әдеби, пәлсафалық шығармалар жастардың ой әлеміне, мақсат – мүдделеріне сай іріктелген. Кітаптар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады.

4-бөлім. «R.S.» Баспа үйі.

«R.S.» баспа үйі 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл баспа үйінде «Аманат», Абай клубының және т.б. кітаптары басылып шығады. 4-бөлімде қазақ жазушылардың қайта басып шығарған кітаптары орналастырылды. Ол әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ильяс Жансүгіров және т.б. жазушылардың «R.S.» баспа үйінде қайта басылып щыққан кітаптары 4-бөлімде орналастырылды.

Яндекс.Метрика