«Орыс тілі Шетел тілі ретінде» электронды білім беру ресурсы онлайн-вебинар өткізеді

Шетелдік студенттерге арналған «ОРЫС ТІЛІ ШЕТЕЛ ТІЛІ РЕТІНДЕ» электрондық білім беру ресурсы


Құрметті зерттеушілер, студенттер және оқырмандар!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «Орыс тілі шетел тілі ретінде» электрондық білім беру ресурсына (ЭБР) қолжетімділік берілді: сілтеме.

Ресурспен жұмыс істеу мүмкіндігін білім беру саласына арналған цифрлық білім беру ресурстарын ірі әзірлеуші «IPRMedia» компаниясы мен баспасы ​​ұсынды. Компаниядан жобаға орыс тілі шетел тілі ретіндегі бағыттың басшысы Вита Кутуева жетекшілік етеді.

Орыс тілі шетел тілі ретіндегі ЭБР университеттердің орыс тілін шет тілі ретінде оқуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әзірленген.

 Қазіргі уақытта аналогы жоқ бұл ресурс жетекші ғылыми мектептер мен қауымдастықтардың қатысуымен дамуда.

Орыс тілі шетел тілі ретіндегі ЭБР шетелдік студенттермен жұмыс тиімділігін барынша арттыруға, ЖОО-лардың цифрлық трансформациясын жақсартатын оқыту әдістемесіне заманауи және инновациялық құралдарды енгізуге мүмкіндік береді.

Ресурспен ыңғайлы танысу және ЭБР-мен жұмысты тез бастау үшін сіздерді 2021 жылдың 05 қазанында Нұр-Сұлтан уақытымен 13: 00-14: 00 аралығында өтетін вебинарға шақырамыз.

Семинарда біз «Ай Пи Ар Медиа» баспасымен, «Орыс тілі шетел тілі ретінде» деген ресурспен танысамыз, «орыс тілі шетел тілі ретіндегі» бағыт бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын, аудио- және бейнематериалдарды, сондай-ақ тесттерді қарастырамыз. Оқытушы мен студенттің Жеке кабинеттерінде жұмыс істеу ерекшеліктерін талдаймыз. Сонымен қатар, вебинар сіздерге IPRbooks (IPRMedia өнімі) электрондық-кітапханалық жүйесінде және «Орыс тілі шетел тілі ретіндегі» ЭБР-де жұмыс істеу ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Сіздер ресурсқа қатысты кез келген сұрақ қоя аласыздар.


Конференцияға қатысу үшін алдын ала тіркеліңіздер:
осы жерде


Тіркелген соң сіз конференцияға кіру туралы ақпаратты қамтитын растау электрондық хатын аласыз.

«Орыс тілі шетел тілі ретіндегі» ЭБР келесі баспалар шығарған қазіргі заманғы лицензияланған басылымдарды қамтиды: «Вузовское образование», «Здлатоуст», «Ай Пи Ар Медиа», «Орыс тілі. Курстар», М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті. Оңтүстік федералдық университетітің баспасы, Ресей халықтар достығы университетінің, Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің, Урал Федералдық университетінің баспалары.

Әсіресе орыс тілі, мәдениеті мен өнері, тарих, әлеуметтік ғылымдар, психология, философия, экономика және құқық бойынша ғылыми және оқу әдебиеттері кеңінен ұсынылған. Кітапханада көркем әдебиет, оқу, ғылыми-көпшілік әдебиеттер; оқулықтар мен әдістемелік құралдар; орыс тілінің сөздіктері, анықтамалық басылымдар, энциклопедиялар бар. Сонымен қатар, жүйеде аудио- және бейнематериалдар енген мультимедиялық ақпараттық банк – медиатека бар

Жүйеге және басылымдардың толық мәтіндеріне еш шектеусіз — тәулік бойы, аптасына 7 күн, кез келген құрылғыдан қол жеткізуге болады. Ақысыз мобильді қосымшасы да бар.

Егер сіздерде ресурспен жұмыс істеу бойынша сұрақтарыңыз болса, көмек немесе кеңес қажет болса, жоба кураторына хабарласыңыз: Даму жөніндегі директор Кутуева Вита Викторовна, жұмыс тел. 8-800-555-22-35 (ішкі 145)v.kutueva@iprmedia.ru

Яндекс.Метрика