Oxford Medicine Online мен басқада дерекқорларға қол жетімді болдық

Құрметті зерттеушілер, студенттер, оқырмандар! Біздің университетке Oxford Medicine Online мен басқада серіктестеріміздің дерекқорларына жетімді болғанымызды хабарлаймыз!

1. OXFORD MEDICINE ONLINE (өту үшін осы жерді басыңыз)-тің беделді медициналық басылымдарының негізгі көзі, ол төмендегі ресурстарға әлемдік деңгейдегі беделді авторлардың мәтіндерін біріктіреді: Oxford Textbook of Medicine, Oxford Handbook of Clinical Medicine, Mayo Clinic Scientific Press, Oxford e-Learning. Топтамада 1000-нан астам кітап бар.(дерекқор туралы толық ақпарат және тіркелу бойынша нұсқаулық мына жерде).

2. OXFORD ACADEMIC JOURNALS (нажмите для перехода) топтамасына медицина, өмір туралы ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, заң, математика және физика ғылымдары және әлеуметтік ғылымдар саласындағы дәйексөз алынуы жоғары журналдар кіреді.

3. OXFORD SCHOLARSHIP ONLINE (өту үшін осы жерді басыңыз) бұл Oxford University Press-тің әлемдегі үздік университеттердің еңбектерін бірыңғай, қолдануға оңай ресурсқа біріктіретін инновациялық онлайн кітапханасы. Oxford Scholarship Online-нан бөлек, UPSO басқа университеттік баспаларынан ай сайын гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары, медицина және құқық салалары бойынша жаңа кітаптар жариялайды.

Құрамында әлемнің 90 елінде орналасқан 2600 ұйым, 19000-нан астам автор, 17000-нан астам кітап, 27 пәндік модуль, 370 пән тараушалары бар.

Дерекқорға қол жеткізу үшін:

1. Кітапхана сайтына кіріңіз elibrary.kaznu.kz

2. Дерекқордың төменгі жағында орналасқан «Жазылымдық дерек қорлары» рубрикасында қызықтырған дерекқорды таңдаңыз

4. IPRBOOKS – ЭЛЕКТРОНДЫҚ-КІТАПХАНАЛЫҚ ЖҮЙЕ жаңаақпараттық технологиялар мен лицензияланған оқу әдебиетін біріктіретін, оқытудың әртүрлі бағыттарына арналған, оның көмегімен қажетті білімді алуға, семинарларға, сынақтар мен емтихандарға дайындалуға, қажетті жұмыстар мен жобаларды орындауға болады (қашықтықтан қолдану үшін кітапхана сайтындағы нұсқаулықты қолданыңыз, өту үшін осы жерді басыңыз).

IPRbooks ЭКЖ көрсеткіштері: 772-ден астам журнал, 41059 оқу басылымы, 11347 ғылыми жарияланым, 763 топтама, 1681 аудиобасылым, 31392 бейнебасылым.

IPRBOOKS ЭКЖ-сін портативті құрылғыларда қолдануға арналған мобильді қосымша. PRBOOKS ЭКЖ-сін көру қабілеті шектеулі адамдарға қолдануға арналған қосымша.

5. «ЛАНЬ» – ЭЛЕКТРОННО-БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА

Бұл «Лань» баспасынан шыққан кітаптардың электрондық нұсқаларын да, басқа баспагерлердің электрондқ кітап топтамаларын да қамтитын ресурс.

«Лань» бірнеше мамандандырылған редакцияларды біріктіреді және келесі бағыттар бойынша кітаптар шығарады: математика, физика, инженерлік-техникалық ғылымдар, химия, ауыл шаруашылығы, орман және орман-инженерлік ісі. «Лань» ЭКЖ мобильді қосымшасы – зағип және нашар көретін адамдарға ұялы телефон экранынан кітаптарды кіріктірілген сөйлеу синтезаторы арқылы оқуға мүмкіндік беретін инновациялық өнім.

«Лань» электрондық-кітапханалық жүйесі Univer жүйесі арқылы қашықтықтан қол жетімді. Ресурсты қашықтан пайдалану үшін Univer жүйесіндегі жоғарғы мәзір жолағындағы «кітапхана» белгішесіне өтіңіз (деректер базасы туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз).

6. POLPRED.COM

Polpred.com БАҚ шолуы (өту үшін осы жерді басыңыз) – ресейлік және шетелдік іскери баспасөздің үздік мақалаларының толық мәтінді базасы. Маңызды жарияланымдардың мұрағаты қолмен жинақталады. Деректер қоры рубрикаторымен: 53 сала / 600 дереккөз / Ресей Федерациясының 9 федералдық округі / 235 ел мен аумақтар / негізгі материалдар / 9000 жоғары лауазымды адамның сұхбаттары мен мақалалары. Күнделікті мыңдаған жаңалықтардың орыс тіліндегі толық мәтіні. 15 жыл ішіндегі миллиондаған жаңалықтар мен іскерлік баспасөздің материалдары. Салалар мен елдер бойынша интернет-қызметтер.

Қашықтықтан қолдану үшін корпоративті логин мен пароль қооданыңыз:

Логин: kaznu_library

Пароль: Farabi2020

Scopus дерекқорын және басқа да қашықтан қол жетімді ресурстарды қалай пайдалануға болатыны туралы осы мақаладан оқыңыз.

Құрметті зерттеушілер, біз қашықтағы ресурстардың қазір бұрынғыдан да маңызды екенін білеміз, соған байланысты біздің кітапхана сайтындағы жаңалықтарымызбен танысып отыруларыңызды сұраймыз. Сұрақтарыңызды «Кітапханашыға сұрақ қою» формасы арқылы немесе Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымыз арқылы қоюға кеңес береміз.

Егер сізде сұрақтар туындаса, library@kaznu.kz электрондық мекен-жайына хат жіберіңіз

Яндекс.Метрика