Аты әлемген әйгілі кутюрье Кристиан Диор және жалпы сән әлемінің марқасқалары Шығыстың інжу-маржаны деп атаған Алла Елшін туралы соңғы уақытта қазақстандық қана емес әлемдік ақпарат құралдары да жарыса жазуда. Қазақ елі жаһандық сән әлемі туралы білмей тұрған заманда әлемдік подиумды бағындырып үлгерген қазақ қызының бұл әлемге қалай тап болғандығы көпшіліктің қызығушылығын тудырғаны рас. Алла Елшін кім? Ол аты аңызға айналған Кристиан Диордың сән үйіне қалай келді? Біз ол туралы неге соншалықты көп уақыт өткеннен кейін ғана білдік? Бұл жөнінде көп жылдар бойы Францияда тұрып, сол елдегі қазақстандықтар қауымдастығын басқарған отандасымыз Берлин Иришевтің тұсаукесері бүгін өтетін «Алла – восточная жемчужина DIOR» (ағылшын тілінде) «Муза Диора» (орыс тіліндегі)кітаптарынан оқып білуге болады.
Көрме түрі: Дәстүрлі (5 стеллаж кітаптар, фотоальбомдар мен мерзімді басылымдар)
Көрме құжаттары: Әдебиеттер саны – 110, оның ішінде 29 француз тіліндегі 18-19 ғасырдағы сирек кездестеін кітаптар, 3 газет және 7 сурет.
Көрменің безендірілуі: Фотосуреттер, дәйексөздер.
Көрменің нәтижелігі: Жұртшылықтың сән отаны саналатын Францияның подиумдарын бағындырған қазақ қызы Алла Елшін туралы кітаппен танысып, ақпарат алуы; кітапхана қорындағы ұлттық өнер мен мәдениетке, оның ішінде ұлттық киім-кешек тарихына, костюм тарихына арналған әдебиеттен хабардар болуы; қалың оқырманның кітапхананың сирек басылымдар мен қолжазбалар қорындағы француз тіліндегі сирек кітаптармен танысуы.
Өткен іс шараның галереясы:
Өткен іс-шараның видео түсірілімі: