Астана мемлекеттік қызмет хабы сіздерге өз ілтипатын білдіре отырып, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша мамандар дайындауда шет елдік тәжірибені жан-жақты зерттеудің маңыздылығының жоғары екендігін ескере отырып, оқытушылар мен білім алушылардың оқу процессінде қолдануы үшін таяуда басылымнан шыққан Корея Республикасының Персоналды басқару министрлігі дайындаған «Human Resource Development in the Civil Service» жинағын жолдаймыз.
Сонымен бірге, 2020 жылы Қазақстандағы мемлекеттік орган менеджменті, мемлекеттік қызметтегі адами ресурстарды басқару, мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметші қызметінің тиімділігін бағалау, мүдделер қақтығысын алдын алу, пандемия кезіндегі мемлекеттік басқару мен коммуникациялар стратегиясы атты зерттеулердің үш тілдегі толық есептерімен Хабтың вебсайтында: осы жерден танысуға болатынын хабарлаймыз.
Хабтың басқа да басылымдарымен (кейстер, зерттеу нәтижелері) мына сілтеме бойынша танысуға болады: здесь
Хабтың екі тілде басылымнан шығатын «International Journal of Civil Service Reform and Practice» журналымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: здесь
Толығырақ : осы жерде