Әлихан Бөкейхановтың дүниеге келгеніне – 155 жыл

Азаттықтың таңын аңсаған Алаш арысы

Әлихан Бөкейхан 1866 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Әкесі Нұрмұхамет Әлиханды 9 жасында молдаға оқуға беріп, кейін мектепте білім алды. Одан кейін Қарқаралыдағы үш жылдық училищеге түсіп, оны үздік бітіріп шыққан. Осылайша, 16 жасында Омбының техникалық училищесіне түсіп, 20 жасында Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы институтына түскен.

Әлихан Бөкейхан – даңқты қоғам және мемлекет қайраткері. Оның бастамасымен «Қазақ» газеті ашылды, «Алаш» партиясы, кейін Алаш Үкіметі құрылды. Ол қазақ халқының ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының идеялық негізін қалаушы әрі жетекшісі, қазақтың «Алаш» атты тұңғыш саяси партиясының әрі Қазақ-қырғыз ұлттық-территориялық автономиясының төрағасы болды. 1917 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, 1920 жылдың тамызына дейін қызмет еткен Алаш автономиясы бүгінгі Қазақстанның негізін қалап берді десек болады.

Әлихан Бөкейханға арналған көрмені сіздерге ұсынамыз. осы жерде

Басқада көрмелерді осы жерден көрсеңіздер болады.

Яндекс.Метрика