Ғылыми ақпарат пен мақала жариялауға қолайлы журнал іздеу.
Бүгінгі күні халықаралық ғылыми деректер базасымен жұмыс істеу — бұл зерттеу қызметінің де, білім беру қызметінің де ажырамас бөлігі. Бұл дағды ғалымдарға зерттеу жұмыстарына қажетті ресурстарды табуға, өз жұмысының нәтижелерін сәтті жариялау үшін ғылыми журналдарды таңдауға, сонымен қатар университеттің оқу үдерісі үшін пайдалы мақалаларды таңдауға көмектеседі.
Wiley вебинарында халықаралық баспа үйінің өкілі сіздерді Wiley Онлайн кітапханасы платформасында орналастырылған және әл-Фараби университетінде қол жетімді ғылыми контентпен, оның ішінде қашықтықтан да таныстырады, сонымен қатар ғылыми ақпаратты онлайн іздеу мүмкіндігін көрсетеді.
Сондай-ақ, Wiley журналдарының мысалында жариялау үдерісінің ерекшеліктері қарастырылады және мақаланы жариялау үшін қолайлы журналды таңдау бойынша практикалық ұсыныстар беріледі.
Вебинарды Wiley-дің Ресей мен ТМД-дағы өкілі Наталия Калицева жүргізеді.
Ұзақтығы: 1 сағат.
Барлық қатысушылар сертификат алады.
Вебинарды өткізу уақыты:
Күні: 20 қаңтар 2021 жыл
Уақыты: сағ 12:00 де
Вебинарға қосылу үшін төмендегі сілтемені қолданыңыздар: осы жерде
MS Teams қосымшасын орнатудың ҚАЖЕТІ ЖОҚ екенін ескеріңіздер:
оның орнына Watch on the web instead батырмасын басу керек, содан кейін Join anonymously сілтемесін басу керек
Вебинарға қосылу бойынша қысқаша видеонұсқаулық біздің YouTube каналымызда қол жетімді: осы жерде