Жас ғалымдар арасында жүргізілетін республикалық үздік ғылыми жобалар байқауы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жас ғалымдар кеңесі Нұрсұлтан
Назарбаев қорымен бірлесіп, «COVID-19 пандемиясының салдарын шешу жөніндегі менің
көзқарасым»
 атты тақырыбында Қазақстанның жас ғалымдары арасында (40 жасқа дейін)
байқау өткізетіндігі туралы хабарлайды. Байқаудың міндеті – ғылыми зерттеулерге қатысу үшін Қазақстанның жас
ғалымдарын тарту және оларға өзекті мәселелерді талқылау үшін платформа ұсыну.

БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

1 кезең. Өтінімдерді қабылдау.
Байқауға қатысу үшін көрсетілген форма бойынша (1-қосымша) жазылған жобалық
идеясы бар байқауға қатысу туралы өтінімді электрондық форматта
YouthKazNU@gmail.com поштасына жіберу қажет немесе көрсетілген форманы толтырып
2020 жылдың 20 қарашасына дейін жіберуіңізге болады. Құжаттың атауы:
Аты-жөні_Жоба атауы
2 кезеңҚатысушыларды алдын ала іріктеу.
2020 жылдың 27 қарашасында 1 кезеңнен іріктеліп өткен 10 жұмыстың авторларына
растау жіберіледі.
3 кезең. Іріктелген жоба жұмыстарын қорғау және жеңімпаздарды анықтау
Іріктелген 10 жоба жұмыстарын қорғау 2020 жылдың 2-ші желтоқсанында ZOOM
платформасы арқылы онлайн форматта өтіп, жеңімпаздардың есімдері жарияланады.

Толығырақ осы жерден көруге болады

Байқау жеңімпаздарының жобаларын іске асыру мерзімі, зерттеу нәтижелерін жариялау: 01.12.2021 ж. дейін.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:

Омиралиева Гаухар Касеновна, Тел.: +7 (702) 459-67-48, +7 (727) 377-33-30, 11-62,
YouthKazNU@gmail.com

Яндекс.Метрика