Абай залы

Абай шығармашылығы елдің әрбір азаматының санасында болуы керек. Оның шығармалары қазақстандық жас буынның әдеби талғамын, рухани дамыған жеке тұлғасын қалыптастыруда бағыт-бағдар беруі тиіс. Осы мақсатта 2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасында Абай залы ашылды. Абай залы әл-Фараби кітапханасының үшінші қабатында орналасқан, ауданы — 217,5 м.2 Әл-Фараби атындағы кітапханадағы Абай залы – университет жастары мен ғалымдарының Абай шығармашылығының өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасу орны, мұнда ол үшін үлкен проекторлық экран мен интерактивтік мінбер орналастырылып, бар жағдай жасалған.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым…
Абайдың ақындық ұлылығы осы бір шумақ өлеңге халықтың бүтін тарихын, бүкіл болмыс-бітімін сыйғызып тұр. Суретте Абайдың ұлттық, елдік санаға көтерілген даналығы аңғарылады. Автор ақынның ақ пейілін, жан тазалығын көрсете білген.
Елін, жерін, халқын сүйген Абай тек ақын ғана емес, арынды аудармашы болған. Суретте Абайдың Семей кітапханасында орыс зиялысы Е.П. Михаэлиспен танысу сәті бейнеленген.
Сонымен қатар Абайдың шығармаларынан келтірілген дәйексөздер ақынның ұстаным-көзқарасын, қазақтың арманын, бары мен жоғын ұғындырады. Мысалы, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзі адамның адамға деген әділетті көзқарасы болуы керектігін, жалпы ақынның үлкен жүрегін көрсетеді.
10 жасынан өлең жазған Абай халық ортасында маңдай алды шешен болады. Бұл суретте жас Абайдың оқығанын ой таразысынан өткізіп отырған сәтін бейнелеген.
Мына суретте Абай екі ұлымен. Ақылбай (сол жақта) және Тұрағұл (оң жақта).
Абай өзінің мұрасымен классик ретінде танылып қана қоймай, өзіне тән дәстүрі бар ақындық, адамгершілік, ағартушылық мектебін ашқан, өз маңайындағы шәкірттері қанаттанып ұшуына үлкен ықпал жасаған ұстаз ретінде танылады.

  1. «Мынау Абай бір ғалым жол шығарлық
    Кісі емес, ескерусіз бос қаларлық»,- деп жазады Абайдың ақын шәкірті Шәкәрім алғашқы өлеңдерінің бірінде.
  2. Ахмет Байтұрсынов Абай жайында: «Одан асқан бұрынғы-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»,— деген тың да түйінді тұжырым жасайды.
  3. М. Әуезов шығармашылығының асқар шыңы – Абай тақырыбы. Ұзақ зерттеп, кең тыныспен жазған «Абай жолы» роман-эпопеясын он бес жылға жуық жазған. Абай жолы – халық жолы, халық жолы – Абай жолы. Осы бірлікті тарихи шындыққа сай асқан көркемдік шеберлікпен көрсету Мұхтар Әуезовтың шығармашылық ұлы жеңісі болып табылады.

Вы также можете посмотреть:

Рекомендательный указатель литературы Библиотеки аль- Фараби приуроченный к 175-летию великого мыслителя

Если вы хотите узнать больше, посетив зал Абая, обращайтесь по указанным социальным сетям или по номерам телефонов.

По вопросам обращайтесь по телефонам: +77273773333 (вн. номер абонента или 1712), также будем рады ответить на ваши вопросы благодаря услуге «Задать вопрос библиотекарю»

Наши социальные сети Instagram и Facebook, а также Youtube канал, чтобы быть в курсе наших новостей.

Яндекс.Метрика