Қыздардың серіктері жұлдыздарға ұшады. Қазақстанның наноспутниктер бойынша бастамасы қыздарды ғылым мен техниканың алдыңғы қатарына шығарады.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған озат жас әйелдер мен қыздар жобалап, құрастырған заманауи наноспутниктер бүгін ғарышты зерттеу үшін ұшырылды.

Спутниктер Жер мен жұлдыздардың жоғары ажыратымдылықтағы түсірілімін жасайды. Датчиктер радиация, қысым, гравитация, жарық және газ құрамы туралы мәліметтерді жинайды. Мәліметтер талдау үшін Жерге жіберілетін болады.

«Мен арманшылмын. Егер мен мақсатыма жеткім келсе, оған жету үшін барымды саламын», — деді 17 жасар Әмина Саду, спутниктерді ұшыруға себеп болған «UniSat» оқыту бастамасының мүшесі.

14 пен 35 жас аралығындағы 20 қыз бен әйелді ЮНИСЕФ пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-технологиялық паркі арасындағы маңызды серіктестік аясында аэроғарыштық саланың жетекші мамандары шағын спутниктерді жобалау, бағдарламалау, құрастыру және ұшыру бойынша оқытып шықты.

Спутники 3.PNG

Толығырақ осы жерден оқыңыздар

Яндекс.Метрика