Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев қатысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі бірнеше іс-шараларға қатысты. Шараға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, Қазақстандағы тұңғыш Фарабитанушы Мағжан Машанидің жолдасы, академиялық қоғамдастық пен БАҚ өкілдері, университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Толығырақ Asyl arna TV online телеарнасында

Мерейтойлық іс-шараларға қатысуға халықаралық қоғамдастық және академиялық орта кең ауқымда тартылды, олардың ішінде БҰҰ мен ЮНЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік жетекші фарабитанушы ғалымдар бар. Шетелдегі Қазақстанның Елшіліктерімен және Әл-Фараби орталықтарының қолдауымен және жетекші шетелдік университеттермен бірлесіп – Оксфорд университеті, Джавахарлал Неру университеті, Стамбұл университеті, Каподистри атындағы Афина ұлттық университеті, София университеті, Дамаск университеті, Египет университеті және басқа университеттермен бірқатар халықаралық конференциялар өткізілді. Әл-Фарабидің мерейтойы Үндістан, Сингапур, Малайзия және Индонезияда аталып өтті. Халықаралық іс-шараларға әлемнің 50 елінің атынан 100-ден астам университеттерден және тағы басқа ұйымдардан 12 мыңнан астам адам қамтылды (толығырақ)

Сонымен қоса Сіздің назарларыңызға Екінші ұстазға арналған виртуалды көрмені ұсынамыз..

Яндекс.Метрика