Кітапханаға келіп түскен жаңа басылымдар және виртуалды көрмелермен танысыңыздар!

Құрметті оқырмандар, пандемия жағдайында карантинді сақтау үшін кітапхананың негізгі залдары шектеулі режимде жұмыс істейтінін еске саламыз. Осыған қарамастан, пандемия басталғаннан бері біздің мамандар онлайн-қызметтерін көрсетті және көрсетіп келеді, соның арқасында әркім үйден шықпай-ақ өзіне ұнаған әдебиетті біздің толықмәтінді дерек қорымыздан оқи алады, біздің 2 миллион данадан астам қордан басылымдарды цифрландыруға онлайн-өтінім бере алады (Қандай онлайн- қызметтер бар екендігі туралы осы жерден оқыңыз).

Біздің қор үнемі жаңа кітаптармен және оқу әдебиеттерімен, мерзімді басылымдармен және басқа да материалдармен толықтырылып тұрады. Көрме  бөлімінде сіздер тек электрондық көрмелермен танысып қана қоймай, жаңадан келіп түскен кітаптармен танысып, олардың, электрондық нұсқасына тапсырыс бере аласыздар.

Қазіргі уақытта келесі бағыттар бойынша жаңадан келіп түскен кітап көрмелері қол жетімді:

1. Ақпараттық технологиялар факультеті (танысу үшін басыңыз)

2. Химия және химиялық технология факультеті (танысу үшін басыңыз)

3. Механика-математика факультеті (танысу үшін басыңыз)

Яндекс.Метрика