EEE карантин кезінде өзінің білім беру платформасына қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндік берді!

Енді университеттің логинін қолданып, IEEE-дің ең ірі техникалық базасының онлайн курстарынанүйде отырып өте аласыз, және әрбір толық курсты бітірген сайын халықаралық сертификат ала аласыз!

2020 жылдың 30 маусымына дейін біздің университет жаңа және енді пайда болып келе жатқан технологиялар бойынша жүздеген сағаттық курстардан тұратын IEEE электрондық оқыту кітапханасына кіре алады.

Өтінеміз, ieee.org/ieeexplore сайтына кіріп, авторизация терезесіне (Personal sign in) логин мен құпия сөзді енгізіңіз:

логин – 66BJvTHP

пароль – XqtEFc9H

Егер Сіз барлығын дұрыс жасасаңыз, жоғарғы жолдың ортасында Сізге қолжетімділікті Қазақ ұлттық университеті бергені туралы хабарламасымен терезе пайда болады (Access provided by: al-Farabi Kazakh National university).

Егер Сізде жеке өз аккаунтыңыз болса, Personal sign inтүймесін қайта басып, алдына көрсеткен электрондық пошта мекен-жайыңыз арқылы кіріңіз,болмаса сол бетте Create accountпәрменін таңдап, қайтадан тіркеліңіз.

Назар аударыңыз! Жеке өз аккаунтыңызды тіркегеннен кейін ғана Сіз курстардан дербес және сертификат алуға мүмкіндігімен өте аласыз, әйтпесе жүйе Сіз жай демо-режимде өтіп жатыр деп санайды.

Неге қол жеткізе алатыныңызды көру үшін«Маған не қолжетімді»-ге басыңыз немесе электрондық оқыту курсының барлық тақырыптарын көру үшін «Көру»> «Курстар» бөліміне өтіңіз.

Төмендегі ақпаратты тексеріңіз. Егер Сіз қандай да бір сәйкессіздіктерді тапсаңыз, біздің тұтынушыларды қолдау орталығымызғаsales.support@mikroinfo.comмекен-жайы бойынша хабарласыңыз.

Өтінеміз, бұл ақпаратты сіздердің ұйымдарыңыздағы IEEE курстарына қатысу мүмкіндігін пайдалана алатын барлық қызметкерлерге жіберіңіз.

Курстар туралы толығырақ:

IEEE қауымдастығы бүгінде көптеген университеттердің оқытушыларынан шұғыл түрде студенттерге осы қиын кезеңде қолдау көрсету үшін тек онлайн режимінде білім беру курстарын өткізуді сұрайтындығын біледі. Бұл өз кезегінде тиімді және қол жетімді болуы керек қосымша ресурстармен қамтамасыз етуде белгілі бір қиындықтар туғызады.

Инженерлік және компьютерлік ғылымдар бойынша оқу бағдарламаларыңызды және кітапхана ресурстарын қашықтықтан оқыту ортасында қолдану үшін бейімдеуді жоспарлап отырғандығыңыздан, IEEE электрондық оқыту кітапханасы сіздің оқу бағдарламаңызға қосымша пайдалы құрал бола алады.

IEEE Xplore цифрлық кітапханасы арқылы қолжетімді болатын жүздеген инженерлік іс пен технологиялар бойыншаонлайн-курстардың көмегімен студенттер өз салаларының жетекші сарапшыларынан сабақ ала алады. Жасанды интеллект, блокчейн, 5G, автономды транспорттық құралдар, IoT, киберқауіпсіздік және т.б. көптеген тақырыптарды зерттеңіз. Бұл курстарды Интернетке қосылған кезкелген құрылғыдан алуға болады, сондықтанбілім алушыларға қай жерде болса да, оқуын жалғастыруды жеңілдетеді.

IEEE eLearning Library IEEE жиынтығы барлық техникалық бағыттар бойынша 750-ден астам онлайн-курс/ мамандандырылған оқуды қамтиды.

IEEE eLearningLibraryкурстары:

  • университеттің білім беру бағдарламаларын қолдайды;
  • зерттеулік жобаларға арналған жаңа технологияларды алдын ала дайындауды қамтамасыз етеді;
  • студенттердің білім деңгейін және оқытушылар мен қызметкерлердің біліктілік деңгейін қол жетімді тәсілмен арттыруды қамтамасыз етеді;
  • курсты сәтті аяқтағаннан кейін сертификат алу мүмкіндігін ұсынады;
  • ең озық технологиялық әзірлемелерді ұсынады;
  • динамикалық интерфейске ие;
  • PDF форматында қол жетімді;
  • жұмыс үстеліңізден 24/7 режимінде қол жетімді.
ҰСЫНЫЛАТЫН СЕРТИФИКАТТАР

CEUs (Continuing Education Units – үздіксіз білім беру бөлімшелері):

бұл үздіксіз білім беру бағдарламаларында кәсіпқойға өз мамандығы бойынша лицензиясын сақтауға көмектесу үшін қолданылатын бірлік. Бұл құжатты IEEE курсын сәтті аяқтаған пайдаланушылар алады.

PDHs (Professional Development Hours – кәсіби даму сағаттары):

бұлкәсіби инженерия мен сәулет саласында жоғары сапалы онлайн білім беру бағдарламаларын және сертификаттауды ұсынатын халықаралық ұйым.

Өтінеміз, назар аударыңыздар:

—————————–

1. IEEE АҚШ-тың заңнамасына және халықаралық заңнамаға сәйкес барлық авторлық құқықтар мен басқа да зияткерлік меншік құқықтарын қоса алғанда, дерекқордағы барлық құқықтардың, атаулар мен мүдделердің иесі болып табылады.

2. Осы құжатта деректер қоры «сол қалпында» ұсынылады. IEEE деректер қорының сапасына, өнімділігіне немесе үйлесімділігіне қатысты ешқандай кепілдік бермейді.

3. Авторландырылған қолданушыларға IEEE Xplore-дың кез келген бөлігіне қол жеткізуге, іздеуге және / немесе жүйелі түрде жүктеп алу үшін роботтардың немесе зияткер агенттердің көмегін қолдана отырып, ізделетін мұрағат құруға тыйым салынады.

Яндекс.Метрика