Абай құнанбайұлының 175 жылдығына арналған кітап көрмесінің тұжырымдамасы

Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Әл-Фараби кітапханасы ұсынылатын әдебиеттер көрсеткішін дайындады.

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы. Абай халықтың ағарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.

Ұлы Абайдың қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) тұжырымдар. Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке  тәрбиелейді. Абай отандық мәдениетіміз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады.

Көпшілік оқырман қауымын ұлы ақынның мол творчестволық мұраларымен таныстыруға бағытталған көрсеткішке Абайдың әл-Фараби кітапханасының қорында сақталып келе жатқан шығармалары мен ол туралы жазылған кітаптар берілген.

Көрсеткішке Абайдың 1939-1940 жылдар аралығында латын графикасымен шыққан еңбектері еңгізілді.

Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жоғары бағасын алуда. Библиографияға біздің қорымыздағы ақынның қара сөздерінің орыс, ағылшын, тәжік, қытай, неміс тілдеріндегі аудармалары және де түрік тіліндегі таңдамалы шығармалары, араб тіліндегі өлеңдері берілген.

Еңбектер хронологиялық тәртіп бойынша, әр жылдың ішінде алфавитпен орналасқан. Әдебиеттер алдымен қазақ тілінде, одан кейін орыс және шет тілдерінде орналасқан.

Яндекс.Метрика