Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығы және М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 22–25 сәуір аралығында Тараз қаласында «Академиялық кітапханаларды дамытудағы заманауи трендтер» (IALC-2026) атты XIII Халықаралық конференция өтіп жатыр.
Биылғы конференция «Жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхана: халықаралық тәжірибе және AI-SANA ұлттық бағдарламасы» тақырыбына арналды. Іс-шара Ұлттық кітап күні аясында және Қазақстан Республикасындағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылды.
Аталған халықаралық іс-шараға Әл-Фараби кітапханасының директоры Ж. Арекенова мен ІТ-мамандары қатысып жатыр. Кітапхана директоры конференция барысында университеттік кітапханалардың цифрлық трансформациясы мен жасанды интеллектті енгізуі туралы баяндама жасап, тәжірибесімен бөліседі.
IALC-2026 – кәсіби тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және кітапхана саласындағы заманауи шешімдерді ұсынуға бағытталған маңызды халықаралық диалог алаңы.