В2026 жылдың 21–26 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің ұйымдастыруымен «XVIII Оразбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференция археология және оған сабақтас ғылым салаларындағы өзекті мәселелерге арналды. Іс-шара барысында көне қоғамдарды, мәдени трансформацияларды және адам мен қоршаған ортаның өзара байланысын зерттеудегі заманауи деректер мен әдістемелік тәсілдер жан-жақты талқыланды.
Осыған орай кітапхана қорынан мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: «XVIII Оразбаев оқулары» халықаралық конференциясы аясында археология ғылымының өзекті мәселелерін, көне қоғамдардың даму ерекшеліктерін және мәдени мұраны зерттеудің заманауи бағыттарын насихаттау. Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғалымдарының еңбектерін таныстыру және Ә.М. Оразбаев мұрасын дәріптеу.
Көрмеге 100-ден аса құжат (кітаптар, ғылыми еңбектер, конференция материалдары) қойылды.
Көрме бөлімдері:
- Құндылық қорықшысы
- Археология: қажырлы еңбек және мол мүмкіндіктер
- Археологиялық ескерткіштер – құнды деректер
Көрмеге қысқаша шолу:
Археологиялық ескерткіштер – құнды деректер
Бұл бөлім археологиялық ескерткіштердің тарихи маңызын ашуға арналған. Археологиялық нысандар – өткен дәуірлердің материалдық куәсі ретінде адамзат тарихының маңызды дереккөзі болып табылады. Оларды зерттеу арқылы көне қоғамдардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен дүниетанымы туралы құнды мәліметтер алынады. Археология – тек өткенді зерделеу ғана емес, болашаққа бағытталған ғылым. Қажырлы еңбек пен заманауи мүмкіндіктердің үйлесуі нәтижесінде бұл сала жаңа ғылыми жаңалықтарға жол ашып, тарихтың беймәлім беттерін тануға мүмкіндік береді.
Қорытынды
Ұйымдастырылған кітап көрмесі археология ғылымының маңызын айқындап, ғылыми мұраны насихаттауға және жас зерттеушілердің қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Құндылық қорықшысы
Көрменің алғашқы бөлімі дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Оразбаев оқулары» конференциясының материалдарынан бастау алады. Бұл бөлімде Қазақстан археология ғылымының көрнекті өкілі, тарих ғылымдарының кандидаты Әбдіманап Мақашұлы Оразбаев туралы мәліметтер ұсынылған. Ғалым ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ археологиясының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосып, бірқатар ірі археологиялық экспедицияларды басқарды. Оның зерттеулері қола дәуірі ескерткіштері, ерте темір дәуірі мәдениеттері және көшпелі өркениеттің даму ерекшеліктерін қамтиды.
Археология: қажырлы еңбек және мол мүмкіндіктер
Археология – адамзаттың өткен өмірін заттай деректер арқылы зерттейтін күрделі әрі қызықты ғылым саласы. Бұл бөлімде археологиялық зерттеулердің ерекшеліктері, далалық қазба жұмыстарының маңызы және ғылыми ізденістің жауапкершілігі кеңінен көрсетілген. Археолог еңбегі үлкен табандылықты, дәлдікті талап етеді, ал әрбір табылған жәдігер – тарихтың құнды дереккөзі. Сонымен қатар археологияның заманауи мүмкіндіктері, жаңа технологиялардың (ғылыми талдау әдістері, цифрлық модельдеу және т.б.) қолданылуы туралы әдебиеттер ұсынылған. Бөлімде археология саласына қатысты ғылыми кітаптар мен зерттеулер топтастырылған.