Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне арналған іс-шаралар

Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні – кітап құндылығын дәріптеп, кітапханашылар еңбегін ұлықтайтын маңызды мерекелер. Бұл күндер аясында кітап оқуды насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру және заманауи кітапхананың рөлін арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.

Іс-шаралар бағдарламасы:

🔹 15 сәуір – «Кітапхан» жобасының негізін қалаушысы Хамит Ердеханмен танымдық кездесу
Мақсаты: Жастарға мотивация беру, кітап оқу мәдениетін насихаттау, еркін пікір алмасу.

🔹 20 сәуір – «Ұмыт болған құнды кітаптар» көрмесі
Мақсаты: Мазмұны терең, бірақ назардан тыс қалған кітаптарды қайта таныстыру.

🔹 15–30 сәуір – «Ұмытпа, оқырман!» акциясы
Мақсаты: Оқырмандарға қарыз әдебиеттерін кітапханаға айыппұлсыз тапсыруға мүмкіндік беру және кітапхана қорын түгелдеу.

🔹 23 сәуір – «Ғасырлар сырын сақтаған сирек кітаптар» экскурсиясы
Мақсаты: Кітапханадағы Академик Ә.Дербісәлі атындағы сирек және құнды кітаптар мен қолжазбалар залының қорымен таныстыру, тарихи мұраларды насихаттау.

🔹 23 сәуір – «KitapQuest» интеллектуалды сайысы
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін дамыту, кітап пен мәдениетке қызығушылықты арттыру.

🔹 17–23 сәуір – «Жаңа кітап – жаңа мүмкіндік» көшпелі көрмесі
Мақсаты: Жаңа түскен әдебиеттерді факультеттерде таныстыру, оқырман ой-өрісін кеңейту.

Кітапхана – білім мен руханияттың, ал кітапханашы – сол ортаның жүрегі. Баршаңызды аталған іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!

Яндекс.Метрика