«Жалпыұлттық құндылықтарды студент жастармен жұмыс істеуге интеграциялау» жобасы аясында осы жұма Әл-Фараби кітапханасы «Bauyrsaq Party» атты мәдени іс-шара ұйымдастырды. Кітапханаға келушілерге қазақтың дәстүрлі тағамының бірі – бауырсақтар мен тәттілер тегін таратылды.
Іс-шара барысында барлық кітапханашылар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, студенттерге қазақ дәстүрлері, мәдениеті мен ұлттық құндылықтары туралы айтып, ұлттық сана-сезімді нығайтуға және мәдени мұраны құрметтеуге ықпал етті.
Бауырсақ – түркі халықтарының үлкен тобының дәстүрлі тағамы. Бірақ Қазақстан Еуразия құрлығының орталығында орналасқан және көптеген мәдениеттерді, этностар мен халықтарды біріктірген, бауырсаққа ерекше мәртебе берген ел.
Жарияланған күні: 19 октября 2024