Әл-Фараби кітапханасында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылық және философиялық мұрасының маңыздылығын терең талдау және талқылау мақсатында «Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы және ілімі» тақырыбында конференция өтті.
Абай Құнанбаев — ұлы ақын, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің теңдесі жоқ классигі, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Шын есімі — Ибраһим, бірақ Зере әжесі Абай (қаз. Абай – «ұқыпты», «сақ») деп атаған.
Көрменің мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолын ашып көрсету. кітапхана қорындағы Абайдың асыл мұрасын, оған арналған зор еңбектер мен зерттеулерді көпшілікке таныстыру.
Көрме Абай туралы оқып біліп, бай мұрасымен тереңірек танысқысы келетін әр бір жанға, жас оқырманға дұрыс тәлім-тәрбие алуға, өмірінде Абайдың қара сөздері мен өлеңдері арқылы бағыт алуға, болашақ мамандарға, зерттеушілерге бірден бір көмекші құрал ретінде қолдануға арналған.
Көрме 6 бөлімнен тұрады:
- «Абайдың шығармашылық мұрасы және ілімі»
- «Абайдың қара сөздері және оның зерттеулері»
- «Абай әлем тілдерінде»
- «Абайтану»
- «Абай жолы романы»
- «Әлем таныған дана Абай»
«Абайдың шығармалық мұрасы және ілімі»
Көрмеге Абайдың сан алуан еңбектерінің ішінен іріктеп, кітапхана қорынан алғашқы басылымдары шығарылып (1943, 1946, 1950), сонымен қатар 2006, 2019және Роллан Сейсенбаев баспасынан 2020 жылғы ақынның 175 жылдығына арналған басылымдары да қойылды.
«Абайдың қара сөздері және оның зерттеулері»
Абай философиялық трактаттар стилінде жазылған 45 «Қара сөздің» авторы. Қара сөздері тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Бұл шығармаларында этникалық қазақтардың тарихы, педагогикасы, адамгершілігі және заңы мәселелері көтерілген. Абай қазіргі кезде танымал болып табылатын жиырма шақты әуен шығарып, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз.
«Абай әлем тілдерінде»
Бұл бөлімде Абайдың шет тілдеріне аударылған кітаптары, және кемеңгердің шығармаларына арналған ғалым, жазушылардың зерттеулері мен еңбектері ұсынылды. Абай Құнанбаев қазақтар арасында орыс және еуропалық мәдениеттің таралуына өз үлесін қосқан.
«Абайтану»
Көрменің келесі бөлімінде ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында елдік маңызы бар бірқатар маңызды да өзекті ғылыми нәтижелерге қол жеткізді. Бұның бір көрсеткіші – Абай ғылыми-зерттеу институтында дайындалып, «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген 10 томдық «Абайтану антологиясы», және 50 томдық «Абайтану. Таңдамалы еңбектер».
«Абай жолы» роман-эпопеясы
Бұл бөлім абайтанушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романына арналды.Әр жылдары жарық көрген шығарылымдар және зерттеулер ұсынылды.
«Әлем таныған дана Абай»
Ардақты ақын Абай қараңғы заманда шырақ жаққан, терең мағыналы сөзі атадан балаға,немереден шөбереге беріліп отырған. Халық- пенен Абай арасы күшті махабатпен жалғасқан. Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану — қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Абайды тану — Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз. Айдай анық нәрсе, Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының төрдегі басын есікке сүйреп келген, басты міндерін батыл көрсетіп берген тұңғыш дана сыншымыз да!
Абай бүгінде жарқын бейнесімен, жалынды жырымен де бізбен бірге 179 жыл ,бойы өмір сүріп келеді жәнеде мәңгі өмір сүре бермек.