Кітапханамыз Мұхтар Мағауиннің жиырма алты томдық жинағымен толықты

Әл-Фараби кітапханасының кітап қоры прозашы, ғалым зерттеуші, əдебиет сыншысы, тарихшы Мұхтар Мағауиннің жиырма алты томдық жинағымен толықты. Кітапханамызға «Qasym» баспасынан сыйға тартқан Шымкент қаласының кәсіпкер азаматы Бекжігіт Болатұлы. Әл-Фараби кітапханасының ұжымының атынан және кітапхана оқырмандары атынан Бекжігіт Болатұлына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің болашағы. Елімізде жастардың бизнес бастау үшін белгілі деңгейде білім немесе ақпарат керек. Ал, ондай деректерді кітапханаға жаңа келіп жатқан әдебиеттерден табуға болады. Осындай бастаманы қолдаған жас кәсіпкерге алдағы бастамасында тек сәттілік тілейміз.
Мұхтар Мағауиннің 26 томдық шығармалар жинағы кітапхананың қорын толықтырып, өз оқырмандарын қуантатынына сенімдіміз.

Яндекс.Метрика