«Күйзеліссіз сессия. Stress relief» жобасы

Мамыр айы біздің студенттеріміз үшін тек мерекеге толы шуақты көктем кезі ғана емес, мамыр айы – аралық бақылаудан өту, дипломдық жұмыстарды қорғау, емтихан тапсыру сияқты жазғы сессия кезеңі. Жыл бойы білім алушыларға оқу барысында кіттапханалық-ақпараттық қолдау көрсетіп келген Әл-Фараби кітапханасы сынақты сәтте де студенттерімен бірге. Қызу өтетін жазғы сессия кезеңіндегі күйзелістік жағдайлардың алдын алып, студенттерге барынша жан-жақты психологиялық, рухани демеу көрсету мақсатында «Күйзеліссіз сессия. Stress relief» жобасын ұсынып отырмыз. Жобаның мақсаты – білім алушылардың сессия кезіндегі көңіл-күйін жақсартып, емтихандар арасындағы уақытта сергіту, демалу сәттерін ұйымдастырып, сессия кезеңінен табысты, жеңіл өтуіне жағдай жасау.
Құрметті біздің оқырмандарымыз – студенттер, магистранттар! Сіздерді 2024 ж. 13-27 мамыр аралығында кітапханада «Күйзеліссіз сессия. Stress relief» жобасы аясында өтетін іс-шараларға шақырамыз! Олардың ішінде емтиханға дайындалу, оны тапсыру арасында тынығуға мүмкіндік беретін түрлі спорттық ойындар, сурет салу, тоқу, көркем кесте тігу сияқты неше түрлі ермек түрі қарастырылған.
Келіңіздер, күтеміз, кітапханамен бірге сессияны күйзеліссіз өткіземіз!

Яндекс.Метрика