Жоғалған және зиян келтірілген кітаптарға өтемақы төлеу шарттары

  1. Кітапқа және кітапхана мүлкіне зиян келтіргені үшін төленетін айыппұл мөлшері мен сомасы ішкі тәртіп ережелерімен реттеледі.
  2. Әдебиеттер бір семестрге немесе бір оқу жылына беріледі. Пайдаланушы алған басылымдарды уақытында қайтаруға міндетті немесе абонемент пен оқу залдарында мерзімін ұзартуға болады. Оқу жылының соңында кітапты қайтармаған пайдаланушы 1 тамыздан бастап әрбір кешіктірілген күн үшін әр кітапқа 30 теңгеден айыппұл төлеуі тиіс. Төлем Каspi. kz мобильді қосымшасы арқылы жасалады.
  3. Оқу залындағы кітаптарды «Өзіне-өзі» қызмет көрсету терминалы арқылы бір күнге үйге алуға болады. Кітапты уақытында қайтармаған жағдайда бір кітап үшін 500 тг, әрбір кешіктірілген күн үшін 100 тг төлеуі тиіс. Төлем Каspi. kz мобильді қосымшасы арқылы жасалады. Өтініштегі берешек соманы төлеу үшін «Төлемдер» мәзіріне кіріп, «Білім» қойындысына (вкладка) өтесіз. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдап, форманы толтыру қажет.  «Тағы да басқа» (Прочие) бөлімінде Түсініктемеге (Комментарий) қандай төлемақы жасайтыныңызды  көрсетесіз.
  4. Пайдаланушы жоғалған немесе зиян келтірілген кітап үшін төмендегі шарттарды орындауы тиіс:
    • орнына дәл сондай кітап табу;
    • кітапхана жоғалған басылымға сәйкес деп тапқан әдебиетті әкелу (жоғалған кітаптардың орнына ұсынылған кітаптар тізімі);
    • жоғалған басылымның нарықтағы құнын төлеу.
  5. Жоғалған немесе зиян келтірілген кітаптарға төленетін төлем Каspi. kz мобильді қосымшасы арқылы жасалады.
    Назар аударыңыз! Жоғалған немесе уақытында қайтарылмаған кітаптардың төлем түбіртектерін біздің поштамызға жіберіңіз kaznulibrarypayments@gmail.com.
    Назар аударыңыз! Төлемақыны кітапхана қызметкеріне қолма-қол төлеуге тыйым салынады. Егер мұндай жағдай туындаса, кітапхана әкімшілігіне (206 каб., тел. 8 (727)377-33-33, ішкі нөмірі 17-00) хабарласыңыз немесе «Шағымдар мен ұсыныстар кітабында» қызметкердің аты-жөнін көрсетіп, шағым түсіре аласыз.
  6. Кітапхана мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (жабдықтар, тұрмыстық техника, жиһаз, т.б.) пайдаланушы өз қаражаты есебінен оның толық құнын қалпына келтіруге міндетті.
  7. Кітапхананы пайдалану ережелері сақталмаса кітапхана қызметтерін пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін.
  8. Кітапхананы пайдалану ережелерін бұзған немесе кітапхана мүлкіне зиян келтіргендер Кітапхананы пайдалану қағидаларына сәйкес әкімшілік, азаматтық (материалдық) жауапкершілікке тартылады.
Яндекс.Метрика