Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай Әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Ядролық сынақтардың тарихы — қасірет тарихы. 2000-нан астам ядролық сынақтардың құрбандары көбінесе халықтың ең осал топтары арасында болды. Ядролық сынақтардың жойқын зардаптары ұлттық шекарадан асып түседі және қоршаған ортаға, денсаулыққа, азық-түлік қауіпсіздігіне және экономикалық дамуға әсер етеді.
2009 жылы 2 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының алпыс төртінші сессиясы 64/35 қарарын бірауыздан қабылдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады. Қарарда адамдарды «ядролық қаруды сынау жарылыстарының және кез келген басқа да ядролық жарылыстардың салдары туралы және ядролық қарудан азат әлем құру мақсатына жету құралдарының бірі ретінде оларды тоқтату қажеттілігі туралы» белсендірек оқыту мен хабардар етуді талап етеді. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигонының жабылуын атап өту мақсатында демеушілері мен авторлары көп бұл қаулыны қабылдау туралы бастама көтерді.
Көрме күні: 29 тамыз 2022 жыл
Көрме 3 бөлімнен тұрады:
- Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларының тасталуы.
- Семей- ядролық сынақ майданы!
- НЕВАДА – СЕМЕЙ!, Ядролық қарусыздандыру — уақыт талабы!
Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларының тасталуы. ВЕкінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңінде Жапонияға қарсы АҚШ Қарулы Күштері алғаш ядролық қаруды қолданды. 1945 жылдың 6 тамызында АҚШ тың Полковник Пол Тиббетс басқарған B-29 ұшағы «Кішкене бала» деп аталатын әлемде алғаш жасалған атом бомбасын таңғы сағат 8:15-те Хиросимаға тастайды. Жарылыс қаланың 90% на әсер етіп, бірден 80 адамды өлтіреді. Одан өзге мыңдаған адам радиоактивті сәуленің әсерінен өмірден өтеді. Үш күннен кейін яғни 9 тамыз күні майор Чарльз Свини басқарған ұшақ нысанаға алынған екінші қала Нагасакиге бағытталып ұшырылады. Таңғы сағат 11:02-де Нагасакидің де күлі көкке ұшады. Осы тақырыпқа байланысты аль Фараби атындағы кітапхана қорынан мерзімді басылымда жарияланған мақалалар мен әдеби кітаптар қойылды. Әйгілі австралиялық журналист У.Бэрчеттің «ВНОВЬ ХИРОСИМА» атты кітабында автор өзінің жеке әсерлерін жазған. Ол Хиросимаға 1945 жылдың қыркүйегінде, атом бомбасынан кейін бір айдан кейін келіп, кейінірек, 70-80-ші жылдары ол сонда болып, жазушы өмірінің соңғы айларында жазылған бұл кітап адамзатқа атом қырғынын дайындап жатқан американдық империализмді әшкерелеп, келе жатқан қатерді тоқтатуға, ғаламшарды асылып тұрған апаттың алдын алуға деген жалынды үндеуден тұрады.
В.Б. Воронцовтың «Трагедия – 45 го» атты кітабында алғашқы атом бомбасының пайда болуының саяси тарихына арналған.
Ресей елдің мерзімді басылымдарда жарияланған бірнеше мақалалар шығарылды.
Семей- ядролық сынақ майданы! Қазақстанда тоталитаризм дәуірінде 1949 жылдан бастап ядролық сынақтар жүргізілді. Кеңестік басшылық іс жүзінде жерүсті және жерасты жарылыстар арқылы өз халқына тәжірибе жасаудан тайынбады. Халыққа жасалған жантүршігерлік осы тәжірибенің салдары әлі күнге жазылар емес. Семей полигоны – ғасыр қасіреті. Хиросима Нагасакиден кейін 1949 жылдың 29 тамызында алғашқы кеңестік ядролық бомбасы сынақтан өткізіліп, Семей полигонының қызметі басталды. Ол үшін арнайы 18 млн. гектар жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды.Ал 1953 жылы Кеңес одағы осы полигонда дүние жүзіндегі алғашқы термоядролық (сутегі) бомбасын жарып, сынақтан өткізді. 40 жылға созылған сынақ барысында 450-ден астам ядролық жарылыс (олардың 116-сы жер бетінде) жасалды. Осы тақырыпта Кешірім Бозтаевтың бірнеше кітаптары орналастырылды. Медеу Сарсекенің «СЕМИПАЛАТИНСКАЯ ТРАГЕДИЯ» кітабының орыс және ағылшын тілінде қойылған. Бұл кітабында автордың отыз жеті жыл уш ай бойы Семей полигонында ядролық жарылыстардың ең жоғары радияциялық қауіпті аймақта болып, барлық қайғылы оқиғалары туралы жазылған. Еркін Байғабылұлының ЯДРОЛЫҚ ЗҰЛМАТ кітабында ел өміріндегі саяси экономикалық, мәдени сараптамасы туралы жазылған.
НЕВАДА – СЕМЕЙ!, Ядролық қарусыздандыру — уақыт талабы! Осы бөлімінде еліміздің тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Семей полигонының жабылғандығы, сонымен қатар Н.Ә. Назарбаев тек Қазақстандағы полигонды жауып қоймай, бүкіл әлемге үндеу салуы жайлы ақпараттар ұсынылды. Семей полигонының жабылуына байланысты 409 жарлығын «Атыңнан айналайын Абыралым» кітабынан танысуға болады. Абыралы Семей жері болып табылады. Полигонның жабылуына көптеген жұмыстар атқарып, көп үлесін қосқан ҚазҰУ түлегі, ақын, қоғам қайраткері, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменов. Н.Ә.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» атты кітабында ядролық жарылыстардың қоршаған ортаға зияны, сол кездегі қиыншылықтар, адамның денсаулығының құртылуы, ауру сәбилердің дүниеге келуі туралы айтылған. Және де осы тақырыпқа байланысты зерттеулер жасаған ҚазҰУ оқытушыларының еңбектері де ұсынылды. Бұл бөлімде осы тақырыптағы кітаптар және мерзімді басылымдарда, ҚазҰУ Хабаршысы журналында жарық көрген оқытушылар мен студенттердің мақалалары ұсынылды.
Көрме құжаттары: кітаптар, фотоальбомдар мен мерзімді басылымдар және мультимедиялық флипчарт арқылы ұсынылған деректі фильмдер.
Читательское направление выставки: Университетке іс-шараға жиналған эколог, кітапхана пайдаланушылары, докторанттар, магистранттар, кітапхана қызметкерлері т.б.