Әл-Фараби кітапханасында Қырғыз Республикасының Тұңғыш президенті, РҒА академигі, Ломоносов атындағы ММУ күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Асқар Ақаев көшбасшылық дәрісін оқыды.
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде әрбір ортаазиялық мемлекеттің үлес салмағы оның экономикалық және демографиялық әлеуетімен, географиялық жағдайымен, әлем елдерімен қарым-қатынасымен, ең алдымен көршілес елдермен аймақтық және халықаралық ұйымдарда қандай рөл атқаратындығымен анықталады.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме дайындады.
Күні: 20 маусым 2022 жыл
Көрменің мақсаты: кітапхана қорындағы құжаттарды пайдалана отырып,
Қазақстанның Қырғызстан мемлекетімен ынтымақтастығын, Қырғыз елімен өзара тату көршілік, тұрақты қарым-қатынастарын көрсету, қысқаша университет тарихымен және университет баспасынан шығатын басылымдарымен таныстыру.
Көрме бөлімдері:
- Тұлға тағылымы
- Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы
- Қазақстан және Қырғызстан ынтымақтастығы
- Қырғыз қағанатын құрған ұлы ел
- Қырғыз жазушыларының әдебиеттері.
- ҚазҰУ тарихы
Тұлға тағылымы. Көрмеге Қырғыз Республикасының Тұңғыш Президенті, Ресей ғылым академиясының академигі, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Асқар Ақаевтың кітаптары қойылды.
Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы. Көрменің бұл бөлімін Ел Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2022 жылдың 16 наурызында жарияланған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы ашады, Берекет Кәрібаевтың «Тәуелсіздіктің 30 айшықты оқиғасы» атты ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына шыққан кітабы, тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістігімізге байланысты «Жаңа индрустриализация», «Қазақстандық брэндтер», және «Қазақстанда жасалған» атты кітаптар қойылды.
Қазақстан және Қырғызстан ынтымақтастығы. Қазақстан мен Қырғызстан республикалары арасында қарымқатынастарды қалыптастыруға, дамытуға және нығайтуға екі елдің географиялық тұрғыдан жақындығы, тарихи тұрғыдан терең тамырластығы, тілдің, мәдениеттің, салт-дәстүрдің ортақтығы негіз болады. Қазіргі таңда, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастарда түбегейлі қайшылықтардың жоқтығынан, бұл екі ел бір-біріне сенімді және тең стратегиялық серіктестер болып табылады.
Қырғыз қағанатын құрған ұлы ел. Бұл бөлімге Қырғызстан тарихына қатысты кітаптар қойылды, Асқар Ақаевтың Кыргызская государственность и народный эпос «Манас» атты кітабы, «Между прошлым и будущим» атты мақаласы қойылды.
Қырғыз жазушыларының әдебиеттері. Көрменің бұл бөлімінде Қырғыздың атақты жазушыларының кітаптары, атап айтсақ Шыңғыс Айтматовтың толық 8 томдық жинағы, «Манас» энциклопедиясы қойылды.
ҚазҰУ тарихы. Бұл бөлімде университеттің тарихы мен жетістіктеріне арналған мерейтойлық басылымдар: ҚазҰУ шежіресі, университеттің ғалымдары, педагогтары туралы кітаптар, университет түлектеріне арналған 3 томдық «Элита», « Летопись» энциклопедиялары қойылды.
Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған әлеуметтанушы қауым, кітапхана пайдаланушылары – студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, кітапхана қызметкерлері т.б.
Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, газеттер, журналдар.