Research Smarter онлайн вебинары

Вебинардың негізгі уақытының кемінде 90%-на қатысқан қатысушыға сертификат табыстау көзделген. Вебинарлар тегін, бірақ алдын – ала тіркелу қажет.

  • Вебинар тақырыбы: Research Smarter: университеттің Шанхай рейтингісінде (GRAS)оңтайлы орналасуы үшін Clarivate ақпараттық ресурстары

InCites Benchmarking and Analytics ақпараттық-талдау жүйесінде Шанхайдағы университеттердің халықаралық пәндік рейтингінде пайдаланылатын GRAS (Global Ranking of Academic Subjects) жаңа пәндік сыныптамасы қолжетімді болды. Осы вебинарда университеттің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін талдау, сондай-ақ оның рейтингін көтерудің табысты стратегиясын құру және іске асыру үшін InCites B&A жүйесін және Clarivate басқа да ақпараттық ресурстарын қалай пайдалануға болатынын талдаймыз.

Вебинар күні: 25.04.2022

Вебинар уақыты: сағат 14:00–15:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен)

Тіркелу: осы жерде

  • Вебинар тақырыбы: Research Smarter: ғылыми кітапхана жұмысында Clarivate ақпараттық ресурстарын қалай оңтайлы пайдалану керек

Осы вебинар аясында біз университет кітапханасының немесе ғылыми ұйымның жұмысында Clarivate ақпараттық ресурстарын оңтайлы пайдалануды қарастырамыз. Ғылыми кітапхана қорларын қалыптастыру үшін Web of Science платформасының ақпараттық дерекқорларын, сондай-ақ Journal Citation Reports және InCites Benchmarking and Analytics сияқты ақпараттық-талдау құралдарын пайдалануға ерекше назар аударылатын болады.

Вебинар күні: 29.04.2022

Вебинар уақыты: сағат 14:00–15:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен)

Тіркелу: осы жерде

Webex бағдарламасы XP және бұрынғы операциялық жүйелерді қолдамайтынына назар аударыңыз, құрылғыны таңдағанда осыны ескеріңіз.

Қосылу жөніндегі Нұсқаулық сілтеме бойынша қолжетімді

Яндекс.Метрика