Өмірбек Арсланұлы Жолдасбеков – кеңестік және қазақстандық механик-ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, мемлекет және қоғам қайраткері, 1958 жылдан КОКП мүшесі.
Қазақстан Инженерлік академиясының негізін қалап, оның тұңғыш президенті болды. Ол жазық рычагты жоғарғы класты механизмдер кинематикасы, кинетостатикасы, серпімді буынды механизмдер динамикасы салаларында ғылыми зерттеулер жүргізіп, жазық және кеңістіктік жоғары класты механизмдер мен манипуляциялауыш құрылғылардың графиктік-аналитикалық және аналитикалық теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде Жолдасбековтің басшылығымен әлемдік практикадағы теңдесі жоқ түбірінен жаңа жүк көтергіш, жүк тиегіш-түсіргіш, грейдерлік, жүк қармауыш және манипуляциялауыш құрылғылар жасалынып, өндіріске енгізілді.
Өмірбек Жолдасбековті еске алу құрметіне Алматыда Д.Қонаев көшесінің 162 — өмір сүрген үйінде және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректораты ғимаратында ескерткіш тақтайшалар орнатылды.
Жолдасбеков Өмірбек Арсланұлы (танысу үшін басыңыз)