21 ақпан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің, Алматы қалалық маслихат депутаттарымен және қоғам белсенділерімен Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің кітапханасында кездесу өтті.
Парламент Мәжілісінің депутаттары «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Айдос Сарым, Елнұр Бейсенбаев және Мәди Ахметов және Алматы қалалық мәслихат депутаты Асел Курманбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы келді. Жұмыс сапары барысында білім ордасында атқарылған жұмыстарын қарап шықты. Сонымен қатар алдағы уақытта университет аумағында салынатын оқу ғимараттары мен жатақханалардың жоспарымен танысты.
Депутаттар ҚазҰУ студенттерімен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді.