Бүгін 2022 жылдың 18 қаңтарында әл-Фараби кітапханасының директоры Калима Төлеубаевна кітапхана ұжымымен еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың таяуда өткен Парламент Мәжілісінде қойған міндеттерін талқылады. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізді алаңдатқан пандемиямен күрес жолдарын, жақында болған қайғылы оқиғалар кезіндегі экстремистермен күрес туралы және халықтың қазіргі жағдайы туралы үлкен мәселелерді көтеріп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін қадап айтты. Еліміз осы күндері ауыр сынақты бастан өткерді. Сын сағатта Мемлекет басшысының батыл шешімдері қабылдауының және халқымыздың даналығы мен сабырлығының арқасында қасіретті қаңтар оқиғаларынан өттік.
Осы орайда кітапхана ұжымы қимас жандарынан айрылған барша отандастардың қайғысына тағы да ортақтасып, көңіл айтамыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәжілісте сөйлеген сөзі осы жерде