Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл

Бүгін, 12 қаңтарда Қазақстанның белгілі саяси қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 110 жыл толып отыр.

Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.

1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.Ол тарихқа ірі мемлекет қайраткері, Қазақ КСР КП ОК бірінші хатшысы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан Ғылым академиясының президенті ретінде енді. 1936 жылы Мәскеу түсті металдар және алтын институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. «Прибалхашстрой» тресінде жұмыс істей бастады. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды басқарды, оның ішінде Алтай, Риддер, Лениногор кеніштерінде басшылық қызметтерді атқарды. 1952-1955 жылдары Қазақстан Ғылым академиясын басқарды. Оның басшылығымен өнеркәсіпті де, ауыл шаруашылығын да дамыту, Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізілді. Қонаевтың өзі 200-ге жуық ғылыми еңбектер жариялады. 1955-1960 және 1962-1964 жылдары Қонаев Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды. Дінмұхамед Қонаев іс жүзінде Қазақстанды 25 жыл басқарды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, осы жылдар ішінде республиканың өндірістік әлеуеті 700 пайыздан астам өсті, өнеркәсіп көлемі 9 есе, ауыл шаруашылығы 6 есе, күрделі құрылыс 8 есе өсті.

Қонаев отставкаға кеткеннен кейін Алматыда тұрған. 1993 жылы 22 тамызда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылында жүрек талмасынан қайтыс болды.

1993 жылы 25 тамызда Кеңсай зиратында жерленген.

Қонаевты еске алу
2019 жылы оның немерелері kunayev.kz ресми сайтын ашты, онда Дінмұхамед Қонаевтың өмірбаяны, құжаттары, баяндамалары мен мұрағаттық суреттері орналастырылған.

1992 жылдан бастап Алматыда «Халықаралық Қонаев қоры» жұмыс істейді.

2002 жылы Алматыда Төлебаев 117 мекенжайында Қонаевтың мұражай-үйі ашылды, ал 2003 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы Қонаев өмірінің соңғы кезеңін өткізген үйге мемориалдық тақта орнатылды.

Яндекс.Метрика