«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форум

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласының Достық үйінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форум өтеді. Форум Қазақстанда басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілін ұлтаралық тіл ретінде үйреніп, қолданып жатқанын көрсетеді. Осы форумға қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері еліміздің барлық аймақтарынан қатысты.ПрезидентімізҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ тілі таяу келешекте ұлтаралық тіл ретінде қызмет атқаруы қажет» деген сөзі барлық қазақстандықтарға бағыт берді. Осы жұмыстардың жүзеге асуын көрсету мақсатында елімізде осындай форум ұйымдастыру дәстүрге айналды.Елімізде этномәдени бірлестіктер жанында мемлекеттік тіл мен әр этностың өз ана тілін оқыту курстары ұйымдастырылған. Форумға филология мен лингвистика саласының сарапшылары, тіл жанашырлары, Ассамблея мүшелері мен жастар ұйымдары қатысып, шара барысында мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері тіл үйрену тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жолдары туралы өз ұсыныстарын ортаға салды.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 9 желтоқсан 2021 ж

Көрмені ұйымдастырушы: әл-Фараби кітапханасы.

Толығырақ: осы жерде

Яндекс.Метрика