ҚазҰУ-да «Қазақтың рухани тірегі – қазақ радиосы» атты апталық өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында  журналистика факультетінің ұйымдастырылуымен әл-Фараби кітапханасында « Қазақтың рухани тірегі – қазақ радиосы» атты апталық өтті.

Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы – Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады.Республикалық Қазақ радиосы хабарларды біртіндеп тақырып бойынша топтастырды, дербес және тектес ақпараттарға бөлу нәтижесінде журналистік електен еткізді. Сөйтіп, республикалық эфирден үңдеулер, шақырулар, деректер, нұсқаулар, мәліметтер, жаңалықтар үзбей жиі берілетін болды. Орынбордан кейін Қазақ КСР-інің астанасы болған Қызылорда қаласында 1926 жылдың 3-ші қазанынан бастап, Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты беруді одан әрі жалғастырды.Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. Алайда, оның хабарлары маусымның бас кезінде ғана тұрақты түрде таралып, келемі тәулігіне алғашқыда 4 сағат, кейінірек 6 сағаттан 12 сағатқа дейін жеткізілді. Қазақ радиокомитетінің құрылымы 1939 жылы штаттық кестеге сәйкес: басшылық; үгіт және насихат секторы; «Соңғы хабарлар» редакциясы; музыкалык, хабарлар редакциясы; әдеби-драмалық хабарлар редакциясы; Балалар хабарлары редакциясы; шығару секторы; бұқаралық жұмыс және радиотыңдаушылар хаттары секторы; радиоландыру белімі; радиоәуесқойлар секторы; бақылау-инспекторлык тобы; механикалық хабарлар бөлімі; тораптық хабарлар секторы; атқарушы адамдар; қызмет керсетуші адамдар; кадрлар секторы; арнаулы бөлім болып бекітілді.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 2 желтоқсан 2021 ж

Көрмені ұйымдастырушы: әл-Фараби кітапханасы.

Толығырақ: осы жерде

Яндекс.Метрика