Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында География және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы әл-Фараби кітапханасында «ХХІ ғасырдың жаһандық сын-қатерлері және қоршаған орта» атты конференциясы өтті.

Қазіргі таңда заманауи жаһандық қатарлер мен мәселелер бір-бірімен байланысты және олардың шешімі өркениеттің келешегіне әсер етеді. Жаһандық қатарлер заманауи адамзаттың әр түрлі салаларының біркелкі дамымауының нәтижесінде, оның табиғатпен және қоршаған ортамен байланысы, сонымен қатар қоғамдық-экономикалық, қоғамдық-табиғи, саяси-идеологиялық және басқа адамдармен қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болады.Бұл мәселелер барлық адамзатқа және Қазақстан Республикасына да қатысты. Қазақ халқы ежелден-ақ табағат болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көне айналдырған.Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде табиғатты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқан.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 2 желтоқсан 2021 ж

Көрмені ұйымдастырушы: әл-Фараби кітапханасы.

Толығырақ: осы жерде

Яндекс.Метрика