ҚазҰУ-ға Түркияның экс-Президенті Абдуллах Гуль келді

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл келді. Ғылыми кітапханада белгілі саясаткер университеттің оқытушы-профессорлары және студенттерімен кездесу өткізді.

Айтулы шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Олжас Сүлейменов, Смағұл Елубай, Марат Тоқашбаев, Қали Сәрсенбай, Сәбит Шілдебай сынды зиялы қауым өкілдері, дипломаттар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында сөз сөйлеген Жансейіт Түймебаев құрметті мейманға университетке келгені үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Түркияның  көпжылдық жемісті ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.  – Қазақстан мен Түркия – бауырлас мемлекет. Екі елдің қарым-қатынасы тәуелсіздікке дейін басталған. Қазақстан егемендігін алғанда алғаш құттықтап, достық ниетін жеткізген Түркия мемлекеті болатын. 1992 жылы Қазақстан мен Түркия мемлекеттері ресми түрде дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Сондықтан біз үшін тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және алдағы екі ел ынтымақтастығының 30 жылдығы аясында  Түркия Республикасының 11-ші Президенті Абдулла Гүл мырзаның университетімізге келгені айрықша мәртебе, – деді университет ректоры.

Толығырақ: осы жерде

Яндекс.Метрика