Әл-Фараби кітапханасында химия және химиялық технология факультеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Б. А. Бірімжановтың туғанына 110 жыл толуына орай химия және химиялық технология бойынша XI Халықаралық Бірімжанов сьезі өтті.
Халықаралық съезде химия, химиялық технология және білім тақырыптары талқыланады.
Батырбек Ахметұлы Бірімжанов- химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері. Ғылыми еңбектері табиғи тұздар мен оларды пайдалану жолдарына, тыңайтқыштар химиясына арналған.
Күні: 19 қараша 2021 жыл
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы «Б. А. Бірімжанов – ғалым, ұстаз» тақырыбында ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Толығырақ: осы жерде