Әл-Фараби кітапханасында химия және химиялық технология факультеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Б. А. Бірімжановтың туғанына 110 жыл толуына орай химия және химиялық технология бойынша XI Халықаралық Бірімжанов сьезі өтті.
Халықаралық съезде химия, химиялық технология және білім тақырыптары талқыланады.
Батырбек Ахметұлы Бірімжанов- химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері. Ғылыми еңбектері табиғи тұздар мен оларды пайдалану жолдарына, тыңайтқыштар химиясына арналған.
Күні: 19 қараша 2021 жыл
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы «Б. А. Бірімжанов — ғалым, ұстаз» тақырыбында ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Әл-Фараби кітапханасы профессор Б. А. Бірімжановқа арналған «Б. А. Бірімжанов – ғалым, ұстаз» көрмесін ұсынады. Көрме Б. А. Бірімжановқа және химия ғылымына арналған.
Көрме келесі бөлімдерден тұрады
- Химия ғылымының корифейі
- Б. А. Бірімжанов – ғалым, ұстаз, тәлімгер
- Қазақстанның химия ғылымы
Көрмеге қысқаша шолу
Химия ғылымының корифейі
Көрменің Б. А. Бірімжанов туралы бөлімінде «Батырбек Беремжанов. Өнегелі өмір», «Баташ аға» және басқа да кітаптар көпшілікті қызықтырады.
Б. А. Бірімжанов – ғалым, ұстаз, тәлімгер
Көрменің Б. А. Бірімжанов еңбектеріне арналған бөлімінде қойылған кітаптар арасында Б. А. Бірімжанов, Н. Н. Нұрахметовтың «Жалпы химия», «Химия әлемінде» басылымдары бар.
Қазақстанның химия ғылымы
Көрменің химия ғылымына арналған бөлімінде «Химическая наука Казахстана», «Жалпы химиялық технология», Б. Д. Балғышеваның «Қазақстан фосфориттерінің механохимиясы» және тағы басқа кітаптар қойылған.
Көрмені ұйымдастырушы: әл-Фараби кітапханасы.
Көрменің оқырмандық бағыты: съездге қатысушылар, қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.
Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар, газеттер.
Көрменің нәтижесі: әл-Фараби кітапханасының қорындағы химия тақырыбына арналған материалдармен оқырмандарды таныстыру.