Әл-Фараби кітапханасында Халықаралық конференция өтті

Әл-Фараби кітапханасында география және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасының құрылғанына 25 жыл толуына орай «Туризм және қонақжайлылық саласындағы білім беру және зерттеулер жөніндегі халықаралық конференция» өткізілді. Конференция тұрақты даму контекстінде туризм және қонақжайлылық саласындағы білім беру және зерттеу қызметімен байланысты көптеген мәселелерді тиімді талқылауға бағытталған.Туризм мен қонақжайлылықтың өзекті мәселелері, олардың тұрақты дамуы, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету және туристік дестинацияларды басқару стратегиялары, кәсіби білім беру қызметінің тәжірибесі, цифрлық технологияларды қолдану және Ұлы Жібек жолында туризмді дамыту бойынша Ғылыми пікірсайыс негізінде ғалымдар мен практик мамандардың пікірлерін талқылау және шоғырландыру.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасында туризм саласындағы мамандарды дайындайды.

Іс-шара күні: 18.11.2021 ж

Өткізу орны: Әл-Фараби кітапханасы, №409 конференц залы

Осы іс-араға байланысты Әл-Фараби кітапханасы»Туризм және қонақжайлылық» атты ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

ТОлығырақ: осы жерде

Яндекс.Метрика