Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақ елінің жаңа дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс – шараның мақсаты-сыртқы саяси қатынастарды қалыптастыру процесін зерделеу аспектісінде Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықтағы рөлі мен орнын қарау. Негізгі екпін тарихи оқиғаларға және елдің егемендік алуына үлес қосқан тұлғаларға жасалды.
Айтулы шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, Алматы қаласы әкімдігінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, тарихшы ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Осы іс-шараға байланысты кітапхана. Әл-Фараби ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ежелден аңсаған арманы. Қазақстан тәуелсіз ел болып, әлем елдерімен терезесі тең өмір сүріп жатқанына 30 жыл толды. Осы жылдары Елбасы Н. Назарбаевтың басқаруымен Қазақстан әлемге бейбіт сүйгіш және ел ішіндегі татулықты паш ететін ел ретінде танылды. Өзінің белгіленген шекарасы, Мемлекеттік рәміздері, Конституциясы, тілі, ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрі, мәдениеті бар тәуелсіз елге айналды.
Бұл көрме бізді тәуелсіздік жолындағы еліміздің жаңа тарихын тағы бір еске түсіруге жетелейді.
Көрме мына бөлімдерден тұрады
- Независимость и первый Президент
- Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент
- Билік сабақтастығы
- Тәуелсіздік: ақиқатқа айналған арман
- Тәуелсіздік шежіресі
- Тәуелсіздік жылдарындағы рухани жаңғыру
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетістіктері
- ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері