Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» жалпыұлттық жобасы – қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға, оқырман белсенділігін арттыруға және білімді әрі зерделі қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Осы жоба аясында Әл-Фараби кітапханасы оқу мәдениетін насихаттау, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітапхана мен оқырман арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында төмендегі іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр:
- «Жыл оқырманы» конкурсы
Мақсаты: кітап оқу мәдениетін дәріптеу, белсенді оқырмандарды анықтау және ынталандыру, оқырмандар арасында зияткерлік ортаны қалыптастыру, сондай-ақ «Кітап оқитын ұлт» жобасының құндылықтарын кеңінен насихаттау.
- «Әдеби толқын» кітап талқылауы
Мақсаты: оқырмандар арасында кітап талқылау мәдениетін қалыптастыру, әдеби шығармаларды сыни және шығармашылық тұрғыдан талдауға үйрету, пікір алмасуға және еркін ой бөлісуге мүмкіндік беретін орта қалыптастыру.
- «Ойға жол ашқан 100 кітап» айдары
Мақсаты: «Ұлт оқитын 100 кітап» жобасына енген қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы шығармаларын кеңінен насихаттау, оқырмандарға құнды әдеби туындыларды таныстыру, кітап шолуларын, бейнероликтерді және әлеуметтік желілерге арналған танымдық контент әзірлеу.
- «Сөз әлеміндегі сұхбат» шығармашылық кездесулер
Мақсаты: жазушылармен, ақындармен, қоғам қайраткерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен шығармашылық кездесулер, әдеби кештер мен ашық сұхбаттар ұйымдастыру арқылы оқырмандардың әдебиетке қызығушылығын арттыру және рухани-танымдық ортаны дамыту.
- «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
Мақсаты: кітапхана қорын толықтыру, құнды және заманауи әдебиеттерді қорға тарту, оқырмандардың түрлі білім көздеріне, соның ішінде баспа басылымдарына қолжетімділігін кеңейту және кітап сыйлау мәдениетін қалыптастыру.
- «KitapQuest» зияткерлік-танымдық ойыны
Мақсаты: оқырмандарды кітапхана қорымен және оның ақпараттық ресурстарымен таныстыру, кітап пен әдеби шығармаларды заманауи, интерактивті және ойын форматтары арқылы насихаттау, оқырмандардың ізденімпаздығы мен зияткерлік белсенділігін арттыру.
- «Librarians Day» кітапханашылар күні
Мақсаты: Ұлттық кітап және кітапханашылар күнін атап өту, кітапхана қызметкерлерінің кәсіби еңбегін дәріптеу, кітапханашы мамандығының қоғамдағы маңызын көрсету және кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту.
Кітап – білімнің бастауы, ойдың қозғаушысы, тұлғалық дамудың құралы.
Бізбен бірге оқыңыз, ізденіңіз, талқылаңыз және жаңа кітап әлемінің жаңа қырларын ашыңыз!
