Жыр алыбы – Жамбыл

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті колледжінде ХХ ғасырдың Гомері атанған ұлы қазақ ақыны, жырау, айтыс өнерінің саңлағы атанған Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жыр алыбы – Жамбыл» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шара аясында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Әсембаева Алтын Шакиржановна «Жамбыл – қазақ поэзиясының биік шыңы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, ақын шығармаларының көркемдік – идеялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда талдап берді.

Шараның мақсаты: жастарға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын тереңнен насихаттап, ұлттық әдебиетке деген құрметті арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.

Кеш барысында колледж студенттері Жамбыл Жабаевтын өлеңдерін оқып, көркемсөз оқу шеберліктерін көрсетіп, домбырамен күй тартылып, жетігеннен жыр төгілді.

Тағылымды іс-шара жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

Көрме ұйымдастырылды, ақын мұрасы мен зерттеу еңбектері таныстырылды.

         Көрмеге қойылған кітаптар:

Жамбыл Жабаевтың 1,2 томдық таңдамалысы», «Жамбыл туралы сөз», «Жапанға біткен бәйтерек», «Жыр Маржан», «Шәкірт балаларға», «Ұлы тұранның ұлдары», «Елтұтқа», «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» және томдық жинақтары мен ақынның өмірбаянынан сыр шертетін кітаптар қойылды, сондай-ақ жыр алабының айтқан нақыл сөздері, газеттерде жазылған мақалалар таныстырылды.

Яндекс.Метрика