Әл-Фараби мұрасы – ұлт руханиятының тірегі

«Әл-Фараби апталығы» аясында Әл-Фараби кітапханасында ұлы ойшыл, екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби мұрасы – ұлт руханиятының тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


Көрменің басты мақсаты – ұлы ғалымның ғылыми-философиялық еңбектерін насихаттау, рухани мұрасының терең мәнін көпшілікке таныту және жастардың тарихи танымын арттыру.
Көрмеге Әл-Фарабидің қазақстанда алғашқы жарық көрген еңбектері мен аудармалары, оның философиялық, этикалық және ғылыми трактаттарына арналған зерттеу кітаптары, сондай-ақ ойшылдың мұрасын заманауи тұрғыда зерделейтін еңбектер қойылды. Сонымен қатар көрме сөрелерінен ғалымның 1150 жылдығына арнайы қайтадан басылып шыққан кітаптар ұсынылды.

Келушілер Әл-Фарабидің дүниетанымдық көзқарасы, ғылым мен парасат, ізгілік пен білім жайлы ойларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Бұл көрме – ұлы тұлғаның өшпес мұрасын жас ұрпақ санасында жаңғыртып, оны заманауи өркениет пен цифрлық дәуірдің дамуымен сабақтастыруға бағытталған маңызды мәдени-ағартушылық шара болып табылады.

Яндекс.Метрика