Әл-Фараби кітапханасында өткен Oxford University Press семинар-тренингі

2025 жылғы 23 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында Oxford University Press (OUP) баспасының академиялық платформаларын тиімді пайдалану бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараны Әл-Фараби кітапханасы мен Ғылым және инновациялық қызмет департаменті бірлесіп өткізді.

Семинар-тренинг барысында қатысушылар OUP платформасының ғылыми зерттеулер, оқу үдерісі және академиялық жұмыстар үшін маңыздылығы мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алды. Атап айтқанда, семинарда жетекші халықаралық академиялық ресурстарға қол жеткізу, платформаның функционалын пайдалану, дерекқорларда ақпарат іздеу және ғылыми әдебиеттермен тиімді жұмыс істеу тәсілдері талқыланды.

Сондай-ақ, іс-шара аясында «How To Get Published» тақырыбында арнайы оқыту сессиясы өткізілді. Бұл сессияда қатысушылар халықаралық ғылыми журналдарға мақала жариялау тәртібімен, баспагерлер мен рецензенттердің талаптарымен, ғылыми мақаланың құрылымы, жазу ережелері және оны жіберудің практикалық аспектілерімен танысты. Тренинг ғылыми жарияланымдармен жұмыс істеуге қызығушылық танытқан жас зерттеушілер үшін пайдалы тәжірибе алаңына айналды.
Семинарға жалпы саны 70-ке жуық университет оқытушылары, профессорлар, докторанттар мен жас ғалымдар қатысты. Барлық қатысушыларға семинарға қатысқаны жөнінде арнайы сертификаттар табысталды.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, университет ғылыми қоғамдастығының академиялық ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге үлес қосты.

Яндекс.Метрика