Oxford University Press академиялық платформаларын пайдалану бойынша өтетін семинар-тренинг

Сіздерді Oxford University Press академиялық платформаларын пайдалану бойынша өтетін семинар-тренингке қатысуға шақырамыз:

  • Oxford Academic Journals, Oxford Scholarshiplline және Oxford Medicine-мен танысу
  • Академиялық аудиторияға арналған «How to Get Published» сессиясы (ағылшын тілінде)

Күні мен уақыты: 2025 жылдың 23-ші мамырында, сағат 10:00-13:00

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 3 қабат, 308-конференц-зал

Өткізу нысаны: офлайн

Ұзақтығы: 3 сағат

Тренинг өткізу тілі: орыс, ағылшын

Спикер: Марчин Дембовский – аймақтық менеджер, Oxford University Press

Сертификат беріледі

Сертификат алу үшін тіркелу қажет.

Семинарға онлайн қатысу сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/83887080632?pwd=seRIj4uneqakl8BL05PXGxkzHP7y0P.1  

Идентификатор конференции: 838 8708 0632          

 Код доступа: 568542

Семинарда қатысушылар жетекші академиялық ресурстар, ғылыми жұмыс, оқыту және зерттеу үшін платформа деректерін қалай тиімді пайдалану керектігі туралы толық ақпарат алады. Сондай-ақ, «How To Get Published» атты оқыту сессиясы өтеді. Бұл сессияда қатысушылар халықаралық ғылыми журналдарға мақала жариялау үдерісі, авторларға қойылатын талаптар және ғылыми мақаланы жазу мен жіберудің практикалық аспектілері жайлы ақпарат алады.

Oxford Academic Journals – Oxford University Press шығарған журналдардың кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік беретін онлайн платформа. Деректер базасында Әлеуметтік және гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар, информатика, медицина және денсаулық сақтау, бизнес, өнер тарихы, дін, мәдениет сияқты ғылымның әртүрлі салаларын қамтитын 500-ден астам журнал бар.

Oxford Scholarship Online бұл Oxford University Press-тің әлемдегі үздік университеттердің еңбектерін бірыңғай, қолдануға оңай ресурсқа біріктіретін инновациялық онлайн кітапханасы. Құрамында әлемнің 90 елінде орналасқан 2600 ұйым, 19000-нан астам автор, 27 пәндік модуль, 370 пән тараушалары бар.

Oxford Medicine Online – Oxford University Press-тің беделді медициналық басылымдарының негізгі көзі болып саналады, ол әлемдік деңгейдегі авторлардың беделді мәтіндерін келесі ресурстарға біріктіреді: Oxford Textbook of Medicine, Oxford Handbook of Clinical Medicine, Mayo Clinic Scientific Press, Oxford e-Learning. Бұл 85-тен астам мамандандыру және тар шеңберлі мамандандыру салалары бойынша әлемге әйгілі басылымдары бар, медициналық мансаптың барлық кезеңдерін қамтитын онлайн медициналық ресурстар жинағы.

Яндекс.Метрика